Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1130. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Мемлекеттік органдарды стандарттаудың, олардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 10 қаулысымен бекітілген мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін (КҰОЖ) тиісінше Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне, Филиалдар мен өкілдіктердің тізіліміне және Салық төлеушілердің мемлекеттік тізіліміне енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ведомстволары, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) заңды тұлғалар бойынша дерекқор құрған және жүргізген жағдайда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін (КҰОЖ) қолданатын болсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады