Қазақстан Республикасының аумағын адамдардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелуiнен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған "1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының шекарасын аса қауiптi жұқпалы аурулардан санитарлық қорғау" мақсатты кешендi бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп салааралық үйлестiру және облыстардың, Алматы қаласының және астананың әкiмдерiмен өзара iс-қимылдың негiзiнде, республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсатқа көзделген қаражаттың шегiнде осы Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Алматы қаласының және астананың әкiмдерi:
тиiстi аумақтарды адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң аса жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен және таралуынан қорғау жөнiнде аймақтық бағдарламалар әзiрлесiн және бекiтсiн және оларды жергiлiктi бюджеттерде осы мақсатқа көзделген қаражаттың шегiнде қаржыландыруды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында үйлер немесе үй-жайлар бөлудi, сондай-ақ санитарлық-карантиндiк пункттердiң мамандарын жайластыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырушы мамандарды тазартылған аймақтан тысқары жерлерде тұрмыстық жайластыруды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1132
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы қадағалау
мен бақылаудың жай-күйi республикалық және облыстық төтенше
эпидемияға қарсы комиссиялардың отырыстарында мерзiмдi қаралсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 11 ақпандағы
N 93 Қаулысымен
бекiтiлген
МАҚСАТТЫ КЕШЕНДI БАҒДАРЛАМА
"1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
шекарасын аса қауiптi жұқпалы аурулардан санитарлық қорғау"
1. НЕГIЗДЕМЕСI
Республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық жағдайға қолайсыз әсер ететiн факторлардың бiрi адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелiну және таратылу қаупi болып табылады.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша дүние жүзiнде 1990 жылдан бастап аса қауiптi жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ошақтары күрт жанданған. 1996 жылы 58 мемлекетте 130 мыңнан астам тырысқақ ауруымен ауырған адам тiркелген. Жыл сайын обаның 200-ге жуық жағдайлары және 100 мыңнан астам сары безгек тiркеледi, басқа жұқпалы аурулар бойынша да жағдай ұшығуда.
Елге оларды жою үшiн айтарлықтай қаржы және материалдық шығындарды қажет ететiн адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң жұқпалы ауруларын әкелу жағдайларының санының артқандығы белгiленуде.
Халықтың денсаулығы үшiн нақты және әлеуеттi қауiп тудыратын және санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық жағдайға керi әсер етуi мүмкiн болатын тағам мен тамақ шикiзаттарының, халық тұтынатын тауарлардың әкелiнуiнiң күрт артқан тасқынына байланысты жағдай айтарлықтай күрделендi.
Республикалық, аймақтық және жергiлiктi деңгейлерде халықаралық байланыстардың дамуы, халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдары деңгейiнiң өсуi әуежайлар мен теңiз порттарында, темiр жолдарда және автомобиль жолдарында лайықты түрде жабдықталмаған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң санын көбейтуге мәжбүр еттi.
Мемлекеттiк шекарадағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан ашылған өткiзу пункттерi материалдық-техникалық және аспаптық жарақталуы бойынша қазiргi заманғы өскелең талаптарға жауап бермейдi, бiлiктi қызметкерлермен жеткiлiктi жасақталмаған және әдетте санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылау мәселелерiн лайықты мөлшерде шешпейдi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында өзiнiң күш-жiгерiн Қазақстан Республикасының кеден органдарымен және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiмен үйлестiретiн және айрықша қауiптi жұқпалы аурулардың әкелiнуi және таралуы мүмкiндiгiн жоққа шығаруға мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы техникалық құралдармен жарақтандырылған санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелерiнiң жүйесiн құру, сондай-ақ қазiргi заманғы лабораториялық жабдықтар мен технологияларды пайдалану арқылы қажеттi зерттеулердi жүзеге асыру жүктелетiн аймақтық лабораториялық бақылау орталықтарын ұйымдастыру ұйғарылуда.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ бюджеттен тыс көздердiң: тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн, еңбек, жұмыс, медициналық қызмет көрсету және т.б. жағдайын сараптаудың есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелiнуiнiң және таратылуының алдын алудың нәтижесiнде бар және күтiлетiн тiкелей және жанама шығындарды қысқартуды, халықтың денсаулығын сақтауды, санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз етедi.
2. МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының аумақтарын халықтың денсаулығына айтарлықтай залал келтiруi, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкiн адамдардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен және таратылуынан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттер:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер ұйымдарының жүйелерiн жетiлдiру;
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердi ғылыми және кадрлық жағынан қамтамасыз ету;
шетелдерден келетiн өнiмдерге бақылау жасаудың ведомствоаралық автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн ("Санқорғау" ААЖ) құру;
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердi аспаптық және материалдық-техникалық дамыту;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру көзделедi.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ
Қазақстан Республикасының шекарасындағы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң ұйымдастырушылық құрылысын, басқаруды және олардың өзара iс-қимылын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары:
Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк бақылау қызметтерi мен Қазақстан Республикасының аумақтарын адамдардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен және таратылуынан қорғау жөнiндегi басқа да мүдделi ұйымдардың қызметтерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өткiзу орындарында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң жүйесiн құру және дамыту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi мекемелердi орналастырудың және жарақтандырудың қолданылып жүрген нормалары мен ережелерiн қайта қарау және жаңаларын әзiрлеу;
шетелдерден келетiндердiң қауiпсiздiгiн кепiлдендiретiн және санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ететiн нормалар мен ережелердi әзiрлеу болып табылады.
Бағдарламада республикалық деңгейде:
Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау жөнiндегi нормативтiк және құқықтық актiлердi әзiрлеу;
импорттық азық-түлiк, жануарлар және өсiмдiк өнiмдерiн әкелудiң тәртiбi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу орындарындағы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мекемелерiн аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырудың табелi туралы ереже әзiрлеу көзделедi.
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Қаржы министрлiгi осы тараудың атқарушылары болып табылады.
4. МЕМЛЕКЕТТIК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕРДI ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық-эпидемиологиялық қорғауды ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
шетелден келетiн тамақ өнiмдерiндегi адамдардың аса қауiптi жұқпалы аурулары мен басқа да мүмкiн болатын қауiптi заттардың диагностикасы мен индикациясының әдiстерiн, оның iшiнде жедел әдiстерiн әзiрлеу және жетiлдiру;
эпидемия ошақтарын залалсыздандыру құралдары мен әдiстерiн жетiлдiру және әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық-эпидемиологиялық қорғауды тiкелей қамтамасыз ететiн мекемелерiнiң қызметкерлерi еңбегiнiң нормативтiк шығындары мен қажеттi қорлық жарақтануын әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мекемелерiнiң тиiстi мамандары мен қызметкерлерiн даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу;
жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу және басқа да мекемелерде шет елден келетiндерге мемлекеттiк бақылау ұйымдастыру мәселелерi бойынша мамандар даярлау және қайта даярлау көзделедi.
Бағдарламада республикалық деңгейде:
адамдардың аса қауiптi жұқпалы аурулары диагностикасының және
индикациясының әдiстерiн, оның iшiнде жедел әдiстерiн әзiрлеу мен
жетiлдiру;
адамдардың аса қауiптi ауруларының жедел алдын алудың және
емдеудiң әдiстерiн жетiлдiру;
эпидемиялардың ошақтарын залалсыздандырудың құралдары мен
әдiстерiн жетiлдiру және әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтерiнiң 25 санитарлық-карантиндiк пункттерiнде кадрларды
даярлау және ұстау көзделедi.
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi, облыстардың, Алматы қаласының және астананың әкiмдерi
осы тараудың атқарушылары болып табылады.
5. ШЕТ ЕЛДЕН КЕЛЕТIНДЕРГЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУДЫҢ
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРIН ("САНҚОРҒАУ" ААЖ) ҚҰРУ
Келген адамдарға, әкелiнген жануарларға, тұқымдарға және тамақ өнiмдерiнiң егiлетiн материалдарына және тағам шикiзатына, басқа да әлеуеттi қауiптi халық тұтынатын тауарларға бақылау жасаудың ведомствоаралық ақпараттық негiзiн қамтамасыз ететiн шаралардың кешенiн iске асыру мынадай:
Қазақстан Республикасының аумақтарын адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен және таралуынан қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бақылау қызметтерi мекемелерiн ведомствоаралық ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн құрудың тұжырымдамасын әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы мемлекеттiк бақылау қызметтерiн ведомствоаралық ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн ("Санқорғау" ААЖ) әзiрлеу, енгiзу және пайдалану;
аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтардың шет елден әкелген тамақ өнiмдерiне, әлеуеттi қауiптi жүктерiне және тауарларына бақылау жасауды бағдарламалық қамтамасыз етудiң пакетiн, сондай-ақ ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң республикалық деректер банкiн әзiрлеу бағыттары бойынша жүзеге асыру белгiленуде.
Бағдарламада республикалық деңгейде:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi мемлекеттiк бақылау қызметтерiнiң мекемелерiн компьютерлiк техникамен жарақтандыру;
модемдiк байланысты әзiрлеу, енгiзу және пайдалану;
бағдарламалық қамтамасыз ету пакетi мен әкелiнетiн тауарларға, жүктерге және келетiн азаматтарға бақылау жасау жөнiндегi деректердiң республикалық банкiн әзiрлеу көзделедi.
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi осы тараудың атқарушылары болып табылады.
6. МЕМЛЕКЕТТIК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕРДI АСПАПТЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ДАМЫТУ
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердi жабдықтармен, аспаптармен жарақтандыруды және оның материалдық-техникалық базасын дамытуды мынадай:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мекемелерiнiң үйлерi мен құрылыстарының жұмыс iстеп тұрғандарын қайта қарау және жаңа бiрегейлендiрiлген және үлгiлiк жобаларын әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң мекемелерiн аспаптармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың табелiн әзiрлеу;
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мекемелерiнiң жедел және лабораториялық бөлiмшелерiн жарақтандыру және техникалық қайта жарақтандыру;
халықтың денсаулығы үшiн қауiп төндiруi және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкiн болатын шет елден келетiндерге бақылау жасайтын Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң аймақтық лабораториялық орталықтарын құру және қазiргi заманғы жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырудың есебiнен оларды дамыту бағыттары бойынша жүргiзу көзделуде.
Бағдарламада республикалық деңгейде:
автомобиль және темiр жол өткелдерiндегi 11 санитарлық-карантиндiк пункттер үшiн үй-жайлар немесе үйлер бөлу;
25-санитарлық-карантиндiк пункттердi, 1 мамандандырылған эпидемияға қарсы бригаданы материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
халықаралық әуежайлар мен теңiз порттарындағы 14 лабораторияны, автомобиль және темiр жол өткелдерiндегi 11 лабораторияны, 1 мамандандырылған эпидемияға қарсы бригаданы жарақтандыру көзделедi.
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Алматы қаласының және астананың әкiмдерi осы тараудың атқарушылары болып табылады.
7.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Iргелес және басқа да шетелдiк мемлекеттердiң осындай органдарымен және ұйымдарымен мынадай:
аумақтарды санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық қорғау проблемасына қатысты мәселелер бойынша келiсiмдер жасасу және халықаралық шарттарды iске асыруға қатысу;
халықаралық ұйымдардың дүниежүзiлiк қауымдастық елдерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi жұмысына қатысу;
мемлекеттiк бақылау қызметтерiнiң қызметiнде аталған проблемалар саласындағы халықаралық заңдардың практикаларын зерделеу, қорыту және пайдалану бағыттары бойынша аумақтарды қорғау және адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң аса қауiптi жұқпалы ауруларының әкелуiнiң және таралуының, сондай-ақ шет елден басқа да келулердiң зардаптарын жою мәселелерi бойынша халықаралық байланыстарды дамыту көзделедi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi осы тараудың атқарушылары болып табылады.
8. БАСҚАРУ ЖӘНЕ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi Бағдарламаны негiзгi атқарушылар болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен ережелерi халықаралық байланыстардың даму болжамдарына, Қазақстан Республикасының аумақтары мен шетелдiк мемлекеттердiң аумақтарындағы санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық жағдайларға сүйенiп жыл сайын дәлденедi және нақтыландырылады.