Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 шілде N 1134. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 124-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң ережесiнде: 
      6-тармақта: 
      үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң осы мемлекеттiк мекеменiң бюджеттік шоты ашылған жердегi аумақтық органына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органы) бес данада кредиторлық берешекті салыстыру кесiмдерiнiң түпнұсқаларын және мемлекеттік мекеменiң басшысы растаған, бастапқы бухгалтерлiк есеп құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады."; 
      мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Мемлекеттік мекеменiң осы Ережеге сәйкес бастапқы бухгалтерлiк есебiнiң құжаттары: 
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға арналған бухгалтерлiк құжаттаманың нысандары альбомының нысандары: 
      408-нысандағы (6 мемориалдық ордер) әртүрлi ұйымдармен есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость; 
      292-а нысандағы кәртiшке немесе 292-нысанды Есеп айырысулар кiтабы; 
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментінiң 1998 жылғы 23 шiлдедегi N 335 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп айырысуларды түгендеу кесімі болып табылады"; 
      7-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы салыстыру кесімдерінің деректерін жылдық бухгалтерлік баланс пен бастапқы бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады және N 1 нысан бойынша төрт данада, қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекеменің басшылары қол қоятын және тиісті мөрлермен бекітілетін, 2000 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтама жасайды. Бұл ретте бір тікелей берушіге бір анықтама беріледі.";
      "Кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтамаларды тіркеу журналы" N 2-нысанда 3-бағандағы "(тоғыз мәндi код)" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады