Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 шілде N 1137

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынған және қытай тарапымен алдын-ала пысықталған Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы келісімге қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                   Қытай Халық Республикасы Үкіметінің
                   Қазақстан Республикасының Үкіметіне
                       өтеусіз көмек беруі туралы
                                 Келісім

      (Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 5, 51-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталады),

      Тараптар мемлекеттерінің арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту және техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында төмендегілер туралы келісті:

                                   1-бап

      Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне достық қарым-қатынасының және Қытай мен Қазақстан халықтары достығының белгісі ретінде Қытай тарапы Қазақстан тарапына Тараптар мемлекеттерінің Үкіметтері келіскен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 (он) миллион қытай юаны мөлшерінде өтеусіз көмек береді.

                                   2-бап

      Осы Келісімді жүзеге асыру үшін есеп-қисапты жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Банкі арасында қосымша келісілетін болады.

                                   3-бап

      Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өздеріне қабылданған міндеттемелерді толық орындап шыққанға дейін қолданылады.
      Астана қаласында 2000 жылғы 28 шілдеде әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады