Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылдың 1 тамызынан 29 қыркүйегіне дейінгі кезеңде 61993 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты (келісім бойынша) оқу орталықтарының аумағында Әзірбайжан Республикасының, Грузияның, Қырғыз Республикасының, Монғолияның, Ресей Федерациясының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Америка Құрама Штаттарының, Түрік Республикасының, Өзбекстан Республикасының қатысуымен (бұдан әрі - қатысушы мемлекеттер) "Центразбат-2000" көпұлттық бітімгершілік жаттығуы (бұдан әрі - жаттығу) өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен жаттығуды даярлауға және өткізуге қатысу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдік әскери қызметшілерге арналған құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңда белгіленген тәртіппен:
қатысушы мемлекеттер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арқылы ұсынатын тізбелер бойынша, қатысушы мемлекеттер Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін қару-жараққа, әскери техникаларға, оқ-дәрілерге, дәрі-дәрмектерге және басқа да әскери мүліктерге қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге 3 ай мұрсат бере отырып кедендік ресімдеуді жүргізсін;
кейіннен оларды кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері бар ұшақтардың Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшуын қамтамасыз етсін;
белгіленген тәртіппен жоғары әуе кеңістігіне және Алматы қаласы әуежайының, Николаев (Жетіген пос.) әскери әуежайының ауданында аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алымдардан босатуды қамтамасыз етсін.
5. "Алматы" халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамына жаттығуға
қатысушыларды аэропорттық алымдарды төлеуден босату ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.