Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құру жөнiндегі көмек көрсету туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1158

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 1997 жылғы 14 наурызда Бiшкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құру жөнiндегi көмек көрсету туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi
   және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасында бiрлескен кәсiпорындар,
            өндiрiстiк бiрлестiктер құру жөнiндегі көмек ету туралы
                                   КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбек Республикасы арасында бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шартты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының тең құқықтық, мемлекеттiк егемендiгi мен өзара тиiмдiлiк негiзiнде ортақ ғылыми-техникалық және гуманитарлық кеңiстiк құру мақсатында:
      - тең құқықтық және өзара тиiмдi сауда-экономикалық, ғылыми-өндiрiстiк және гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрi нығайту және дамыту; үш мемлекеттің мүддесi мен олардың халықтарының әл-ауқатын көтеруде оларға ұзақ мерзiмдi және тұрақты сипат беру қажеттiлiгiнен шыға отырып;
      - экономикалық реформалар өткiзудi, экономиканы құрылымдық қайта құруды, үш елдің шаруашылық жүргізуші субьектілерi арасындағы нарықтық қарым-қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауды маңызды деп есептеЙ отырып;
      - кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа нарықтық субъектiлер арасында жаңа сапалы негiзде дәстүрлi шаруашылық, ғылыми-техникалық және өндiрiстiк-технологиялық байланыстарды дамытуға, үш мемлекеттiң ұлттық экономикаларын тұрақтандыру мен көтеру, экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi өзара көмектi жандандыруға ұмтыла отырып;
      төмендегiлерге келiстi:

                               1-бап
      Тараптар басым салаларда бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер құруға көмектесетiн болады.
      Әрбiр Тарап басқа Тараптың мүдделерiне зиян келтiретiн әрекеттерден тартынады, үш елдің шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне ұзақ мерзiмдi негiздегi ынтымақтастықты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызады, ұлттық заңдарға сәйкес өз мемлекетiнің аумағындағы басқа тарап мемлекеттерiнің заңды және жеке тұлғаларының меншiк құқықтарының танылуын және оларға қол сұғылмауын қамтамасыз етедi.

                               2-бап
      Бiрлескен кәсiпорындар, өндiрiстiк бiрлестiктер меншік нысандарына қарамастан, Тараптардың ұлттық заңдарында көзделген тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілердің капиталдарын біріктіру негізінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды өзара белгiлеу жолымен құрылатын болады.

                               3-бап
      Бiрлескен кәсiпорындардың, өндiрiстiк бiрлестiктердiң жарғылык қорын қатысушылардың акциялары, материалдық және материалдық емес активтерi құрайтын болады. Салымдарды, пайларды, акциялардың үлестерiн бағалау тәртiбi Тараптар арасында құрылтайшылық құжаттар негiзiнде белгiленедi.

                               4-бап
      Бiрлескен кәсiпорындардың, өндiрiстiк бiрлестiктердiң қатысушыларының өзара қарым-қатынастары олардың орналасқан жерлерiне сәйкес белгiленедi. Бiрлескен кәсiпорындар Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес құрылады, iс-қимыл жасайды, тiркеледi.

                               5-бап
      Тараптар өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу, инвестициялық, сыртқы сауда қызметiн қолдауды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды.

                               6-бап
      Тараптар жұмысшы күшін кооперациялау кезiнде капиталдарын, тауарларды, қызмет көрсетудiң орын ауыстыруына қатысты олардың заңдарында және мемлекетаралық келiсiмдерiнде көзделген салықтық және кедендiк жеңiлдiктердiң жасалуына кепiлдiк бередi.

                               7-бап
      Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалады және, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылатын болады және оның күшiне енуi үшін қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы үшінші хабарды депозитарий алған сәттен бастап күшіне енеді.
      Әрбiр Тарап Келiсiмге өзiнiң қатысуын бұл туралы депозитарийдi шығуға

бiр жыл бұрын жазбаша хабардар етумен тоқтата алады.

                              8-бап
     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмiмен бөлек хаттамалармен 
ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болады. Аталған 
хаттамалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және осы, Келiсiм 
сияқты тәртiппен күшiне енедi.

                              9-бап
     Осы Келiсiмдi түсiндiрумен немесе қолданумен байланысты барлық даулы 
мәселелер Тараптардың консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiледi.
     
     1997 жылғы 14 наурызда Бiшкек қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық 
данада жасалды.
     
     Түпнұсқалық дана оның расталған көшiрмесiн әрбiр қатысушы мемлекетке 
жiберетiн Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан 
Республикасының Мемлекетаралық Атқарушы комитетiнде сақталады.
     
     Қазақстан Республикасы үшiн              Қырғыз Республикасы үшiн
     
                           Өзбекстан Республикасы үшiн
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады