Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 шілде N 1165. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2000 жылғы 31 шілдедегі
N 1165 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы
Ереже

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 517 қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Мемлекеттiк жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес туралы ереженi басшылыққа алады.

      3. Кеңес өз қызметiн Кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерiне қызметi қайшы келмейтiн халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және басқа да заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

  2. Кеңестiң мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк жастар саясатының:
      жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
      жастарға көмек пен әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн iске асыруды талдау;
      мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      5. Кеңестiң функциялары:
      мемлекеттiк жастар саясатын одан әрi iске асыру және жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру;
      мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдарының өзара iс-қимылы;
      жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдем көрсету;
      Қазақстан жастарының Жалпы республикалық форумын өткiзу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

      6. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан Кеңес мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарына мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      қажеттілiкке қарай Кеңес жұмысына ғалымдарды және мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға;
      орталық мемлекеттiк және жергіліктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiн Кеңес отырыстарында Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес iске асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Кеңес хатшысы Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады, қажеттi материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстар хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.

      9. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткiзiлуiне дейiн кемiнде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелерiне жiберiледi. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңес мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.

      10. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзіледi. Кеңес мүшелерi Кеңес қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Кеңес шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Кеңес отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
      Кеңес мүшелерi айрықша пiкiр құқығына ие, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тiркелуге тиiс.

      11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

  4. Кеңес қызметiн тоқтату тәртiбi

      12. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметі шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2000 жылғы 31 шілдедегі
N 1165 қаулысымен 
бекітілген    

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңестің
Құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2001.04.14 N 490, 2002.04.03 N 397, 2003.08.029 N 887, 2004.04.13 N 413, 2004.07.30 N 807, 2005.05.03 N 420, 2005.11.30 N 1176, 2006.06.06 N 517, 2007.04.26 N 333, 2010.05.26 № 470, 2011.03.10 N 240 Қаулыларымен.

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы         ғылым министрі, төраға

Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы      ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

Қожахмет                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мадияр Дүйсенбайұлы        министрлігі Жастар саясаты департаментінің
                           директоры, хатшы

Кеңес мүшелері:

Айсина                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Майра Арапқызы             Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Нұрымбетов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Оразаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы          вице-министрі

Телебаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы          вице-министрі

Өскенбаев                - Қазақстан Республикасының Туризм және
Қайырбек Айтбайұлы         спорт вице-министрі

Тихонюк                  - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Николай Петрович           тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                           агенттігі төрағасының орынбасары

Аманғалиев               - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Серік Қалешұлы

Әбдірайымов              - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Қалижан Серікұлы

Балаева                  - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы

Бектаев                  - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Әли Кәрімұлы               орынбасары

Бектұрғанов              - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Серік Шыңғысұлы

Ғалымова                 - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Әлия Қайратқызы

Қараев                   - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Жауымбай Амантұрлыұлы

Қырықбаев                - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Арман Оразбайұлы

Мұқанов                  - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы

Мұхамедов                - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Бақтиярұлы

Нұрқатова                - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Сара Қайыржанқызы

Түсіпбеков               - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Түсіпхан Түсіпбекұлы       орынбасары

Төлепберген              - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Мейрамбек Мылтықбайұлы

Сейдуманов               - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Серік Тұрарұлы

Сүлеймен                 - Батыс Қазақстан облысы әкімінің
Серік Кенжебекұлы          орынбасары

Есқараев                 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Азамат Несіпбайұлы         Заңнама департаментінің директоры

Лепеха                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Игорь Владимирович         министрлігінің Әкімшілік полициясы
                           комитеті төрағасының орынбасары

Мәйкеев                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Мұрат Жәлелұлы             министрлігінің Штабтар бастықтары
                           комитеті төрағасының орынбасары

Аманшаев                 - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм»
Ермек Әмірханұлы           акционерлік қоғамының президенті
                           (келісім бойынша)

Боранбаев                - «Студенттік құрылыс жастар еңбек
Жақсыбай Ералыұы           жасақтарының республикалық штабы»
                           мекемесінің басшысы (келісім бойынша)

Ғиззатов                 - «АСК» республикалық студенттер қозғалысы»
Тақан Талғатұлы            қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім
                           бойынша)

Кулик                    - «ЗУБР» әлеуметтік-корпоративтік қорының
Виталий Олегович           директоры (келісім бойынша)

Мұқажанов                - «Ұлттық Дельфий Комитеті» жеке меншік
Ұлар Оразғалиұлы           мекемесінің басшысы (келісім бойынша)

Салиходжаев              - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының
Ескендір Валжанұлы         республикалық штабы» жеке меншік
                           мекемесінің басшысы (келісім бойынша)

Сыдықов                  - «Қазақстан жастары конгресі» заңды
Нұрлан Ерболатұлы          тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

Қуанғанов                - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Фархад Шаймұратұлы         орынбасары

Өрсариев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Арын Амангелдiұлы          жанындағы Мемлекеттік басқару
                           академиясының ректоры (келісім бойынша)

Хамзина                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұргүл Қалиқызы            министрлігі Ғылым және адами ресурстар
                           департаментінің директоры
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады