Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 1165 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 517 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Жастар iсi жөнiндегi кеңестi құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 1165  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 396-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Бабақұмаров             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы           ақпарат вице-министрi

Досжан                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ардақ Дүкенбайұлы         Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмнiң
                          меңгерушiсi

Көтербеков              - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Дулат Қазистайұлы         коммуникация министрлiгi Көлiктiк
                          инфрақұрылымды дамыту комитетiнiң төрағасы

Құрманғалиева           - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы            бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтiк
                          сала шығыстарын жоспарлау департаментiнiң
                          директоры

Орсариев                - "Астана қаласының Iшкi саясат
Арын Амангелдiұлы         департаментi" мемлекеттiк мекемесiнiң
                          директоры

Жумин                   - "Қазақстан жастары конгресi" қауымдастық
Данат Есболұлы            нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестігінің
                          атқарушы директоры

Жүнiспаев               - Қазақстан студенттерi альянсының
Алмас Серiкқажыұлы        көшбасшысы

Жүсіпов                 - "Жасыл ел" республикалық штабының
Жанат Ермекұлы            төрағасы

Қалауи                  - "Атырау облысы жастар қоғамдық
Мейiрiм Жоламанұлы        бірлестіктерi қауымдастығы" заңды
                          тұлғалар бірлестігінің төрағасы, "Отан"
                          республикалық саяси партиясының "Жас Отан"
                          Атырау облыстық бөлiмшесiнiң төрағасы,
                          Атырау қаласы әкімінің жастар iсi
                          жөнiндегі штаттан тыс кеңесшісі,
                          "Жасыл ел" облыстық штабының басшысы

Қалымов                 - "Отан" республикалық саяси партиясының
Ерiк Бекболатұлы          "Жас Отан" Ақмола облыстық бөлiмшесiнiң
                          төрағасы, Ақмола облысы әкімдігiнiң
                          жанындағы жастар iсi жөнiндегі үйлестiру
                          кеңесiнiң мүшесi

Кәрiмбаев               - Студенттiк құрылыс және жастардың еңбек
Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы     жасақтары республикалық штабының төрағасы

Новодворская            - Қостанай облысының Балалар және жастар
Наталия Борисовна         ұйымдары қауымдастығының төрайымы

Сатыбалдиев             - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жастар iсi
Марс Қадырғалиұлы         жөнiндегi штаттан тыс кеңесшiсi;

      мына:

"Баймұқанов             - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Нұрбол Болатұлы           (келiсiм бойынша)"

      деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

"Баймұқанов             - "Қайсар" республикалық қоғамдық-саяси
Нұрбол Болатұлы           жастар қозғалысының төрағасы"

      көрсетiлген құрамнан Алшанов Рахман Алшанұлы, Әлжан Ақсәуле Қанатқызы, Байжанов Ерлан Сапарұлы, Бейсенов Арман Қадырбайұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы, Кәлетаев Дархан Аманұлы, Қожахмет Мадияр Қожахметұлы, Сыздықова Бақыт Ахметқызы, Шәуеев Азат Сәдметұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң      
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 517 қаулысына  
      қосымша   

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінiң      
2000 жылғы 31 шілдедегі 
N 1165 қаулысымен   
бекітілген   

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Мемлекеттiк жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес туралы ереженi басшылыққа алады.

      3. Кеңес өз қызметiн Кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерiне қызметi қайшы келмейтiн халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және басқа да заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

  2. Кеңестiң мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк жастар саясатының:
      жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
      жастарға көмек пен әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн iске асыруды талдау;
      мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      5. Кеңестiң функциялары:
      мемлекеттiк жастар саясатын одан әрi iске асыру және жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру;
      мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдарының өзара iс-қимылы;
      жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдем көрсету;
      Қазақстан жастарының Жалпы республикалық форумын өткiзу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

      6. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан Кеңес мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарына мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      қажеттілiкке қарай Кеңес жұмысына ғалымдарды және мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға;
      орталық мемлекеттiк және жергіліктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiн Кеңес отырыстарында Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес iске асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Кеңес хатшысы Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады, қажеттi материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстар хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.

      9. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткiзiлуiне дейiн кемiнде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелерiне жiберiледi. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңес мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.

      10. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзіледi. Кеңес мүшелерi Кеңес қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Кеңес шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Кеңес отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
      Кеңес мүшелерi айрықша пiкiр құқығына ие, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тiркелуге тиiс.

      11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

  4. Кеңес қызметiн тоқтату тәртiбi

      12. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметі шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады