"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиациялық компаниясының бiрінші және үшiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн өтеу жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз N 1196

      "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторларының 2000 жылғы 21 маусымдағы жиналысының ескертпелерi мен ұсыныстарын ескере отырып, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиациялық компаниясы мен Алматы Авиациялық техниканы техникалық пайдалану және жөндеу жөнiндегi орталығының (бұдан әрi - "Қазақстан әуе жолы" ҰААК) бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн өтеу мәселесiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн бағалау және өтеу жөнiндегi жұмысты жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiк, "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамы өкiлдерiнiң қатарынан арнайы комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. Комиссияны басқару және ол туралы ереженi әзiрлеу "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ААҚ) тапсырылсын.
      2. Комиссия бiр ай мерзiмде:
      1) "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторларының арыздары мен талаптарын тексерудi жүргiзсiн;
      2) олардың алдындағы борыштың қалған өтелмеген сомасын анықтасын, қарызды өтеуге құқығы бар кредиторлардың тiзiмiн дайындасын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне берсiн.
      3. Заңды тұлғаны тоқтатқан және сот мемлекетке тиiстi мiндеттемелердi жүктеген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiмен бiрлесiп, 044 "Заңды тұлғалар тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу" бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - Бағдарлама) 2002 жылға арналған республикалық бюджет қаражатынан "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-тың бiрiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн белгiленген тәртіппен төлеудi қамтамасыз етсiн.
      Көрсетiлген берешек 2002 жылы төленбеген немесе толық көлемде төленбеген жағдайда осы тармақтың орындалуы 2003 жылға көшiрiледі және 2003 жылға арналған Бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаражатынан қамтамасыз етіледi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.09.30. N 1070
               қаулысымен. P021070_
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының акционерлерiмен "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-тың үшіншi кезектегi кредиторлардың алдындағы берешектерiн өтеу мәселелерiн реттесiн.

 

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.09.30. N 1070 

              қаулысымен. 


P021070_



     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.09.30. N 1070 

              қаулысымен. 


P021070_



     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады