Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1335 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1214 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының Тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1335 P991335_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

 

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс

iстеудi талап ететiн орта және жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтарының

тiзбесi мынадай мазмұнда жазылсын:

     "Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта

және кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесi

     1. Кәсiптiк орта бiлiм мамандықтары:

     0202 - Құқық қорғау қызметi;

     1701 - Өрт қауiпсiздiгi;

     2. Кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтары:

     0205 - Халықаралық қатынастар;

     0211 - "Жедел-криминалистикалық";

     "Тергеу-криминалистикалық";

     "Қылмыстық-атқару" мамандықтары бойынша құқық тану.

     0714 - Халықаралық экономикалық қатынастар;

     1104 - Ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылар;

     1701 - Өрт қауiпсiздiгi;

     1705 - Төтенше жағдайларда қорғану;

     2203 - Атом электр станциялары мен қондырғылары;

     3201 - Қолданбалы геодезия;

     3204 - Картография;

     3706 - Ақпараттарды қорғау және оның қауіпсіздігі;

     3909 - Ядролық-химиялық технология".

     2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады