"Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 тамыз N 1217

      Орталық Қазақстанды және Астана қаласын сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы сумен жабдықтау саласында шаруашылық қызмет жүргiзу болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951 P001951_ қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады