Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 722 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 397-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) "Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарында қызмет өткеруi туралы Ереженi және Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 37, 354-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 459 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 14, 105-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қыркүйектегi N 958 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, N 34, 309-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2000 жылғы 12 тамыздағы       
N 1238 қаулысымен          
бекiтiлген          

Қазақстан Республикасының кеден органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  397-бабына сәйкес әзiрлендi және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызмет шыққан тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан, заңдылық, дара басшылық, қорғауға құқықтың қамтамасыз етiлуi, заң алдындағы теңдiк қағидаттарына құрылады.
      3. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден органдарында қызмет ететін, белгiленген тәртіппен арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады. Кiшi, орта және аға басшы құрамдарға арнаулы атақтар берудiң тәртiбi осы Ережемен айқындалады.
      4. Қазақстан Республикасында кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкiметі мен кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитеті (бұдан әрi - Кеден комитетi) жүзеге асырады. Кеден комитетiн Кеден комитетінiң төрағасы басқарады.
      5. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      6. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      7. Кішi, орта және аға басшы құрамдардың арнаулы атақтарын Кеден комитетiнiң төрағасы бередi.
      8. Кеден органдарында қызмет атқаратын лауазымды адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:
      кішi басшы құрам:
      кеден қызметінің прапорщигi;
      кеден қызметінің аға прапорщигi;
      орта басшы құрам:
      кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
      кеден қызметiнiң лейтенанты;
      кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
      кеден қызметiнiң капитаны;
      аға басшы құрам:
      кеден қызметiнiң майоры;
      кеден қызметiнiң подполковнигi;
      кеден қызметiнiң полковнигi;
      жоғары басшы құрам:
      кеден қызметiнiң генерал-майоры;
      кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты.
      9. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары үлгiсiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін нысанды киiммен қамтамасыз етіледi. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киiмдi кию ережесiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттік орган белгiлейдi. Лауазымды адамдарға жеке басы мен өкiлеттiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi қызметтік куәлiк берiледi.
      10. Кеден органдары лауазымды адамдарының арнайы даярлықтан өткеннен кейiн белгiленген тәртiппен оқпен атылатын қару алып жүруге және сақтауға құқығы бар.
      11. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіне, әдетте, мiндеттi әскери қызметiн атқарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған, өзiнiң жеке басының моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындауға қабілеттi Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - азаматтар) ерiктi негiзде қабылданады.
      12. Қазақстан Республикасының кеден органдарына кіші басшы құрам лауазымдарына қызметке 30 жастан аспаған, кемiнде орта бiлiмi бар азаматтар қабылданады. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жоғары бiлiмi бар 35 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Нақты жағдайларда жас мөлшерi цензi Кеден комитетi төрағасының шешiмiмен өзгертiледi. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жұмыс тәжiрибесi мен іскерлiк қасиетi бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттiлiгi шартымен мамандықтарға даярлық бейiнi бойынша жақын орта арнаулы бiлiмi бар және жоғары оқу орындарында білім алып жатқан азаматтар қабылдануы мүмкін.
      13. Кеден органдарынан, Қарулы Күштерден, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Салық полициясы комитетiнен, Iшкi iстер органдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнен, Республикалық ұланнан бұрын босатылған және қайта қабылданатын азаматтар үшiн жас мөлшерiне шектеу осы Ереженiң 109, 110, 111-тармақтарының талаптары негiзге алына отырып белгiленедi.
      14. Кiшi, орта және аға басшы құрамның лауазымдары заңдарда белгіленген тәртiппен тағайындау арқылы атқарылады.
      15. Қазақстан Республикасының кеден органдарын біліктi мамандармен жасақтау және лауазымды адамдардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында Кеден комитетi арнаулы бастапқы оқуды, дене күшiн, арнаулы құралдар мен оқпен ататын қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы iс-қимылдарға жарамдылығын мерзiмдi тексерудi қамтитын кәсiби даярлықты; оқу орындарында, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мамандарды кәсiптiк оқытуды және даярлауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктілiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады.
      16. Қажет болған жағдайларда Кеден комитетi төрағасының шешiмi бойынша кеден органдарының орта және аға басшы құрамының лауазымдарына мемлекеттiк қаржы органдары мамандарының, ғылыми қызметкерлердiң және жоғары оқу орындары оқытушыларының қатарынан бұрын кеден органдарының кадрларында тұрмаған, 40 жастан аспаған азаматтар тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте, оларға кеден органдары қызметiнде қызмет өткерген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы төлеу мен зейнетақы тағайындау үшін мамандығы бойынша бұрынғы жұмысының стажы, оның ішінде аспирантурада, докторантурада оқыған уақыты есептеледi. Бұл адамдарға тиiстi арнаулы атақтар осы Ережеде көзделген тәртiппен берiледi.
      17. Кеден органдарына қызметке қабылданатын азаматтар мiндеттi түрде қызметке жарамды екенін анықтау үшін әскери-дәрiгерлiк комиссияларда медициналық куәландырудан өтедi. Қызметке қабылдау азаматтардың міндетті арнаулы тексеруден өтуi шартымен жүзеге асырылады.
      18. Азаматтарды Қазақстан Республикасының кеден органдары кiшi, орта және аға басшы құрамының лауазымдарына қызметке қабылдау Кеден комитетiнiң төрағасы берген құқыққа сәйкес кеден органы немесе бөлiмшесi басшысының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрық адамға қолы қойғызылып хабарланады.
      Кеден органдарының лауазымды адамдары қызметi бойынша тiкелей бағынатын бастықтар басшы, тiкелей бастықтар болып табылады.
      19. Егер азамат:
      белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса;
      сот белгiлi бiр уақыт ішінде мемлекеттiк лауазымдарды атқару құқығынан айырса;
      медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттігiн орындауға кедергi келтiретiн сырқаты болса;
      олардың мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке басының, топтың және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген шектеулердi өзiне қабылдаудан бас тартса;
      Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке орналасар алдында бiр жыл iшінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртіптiк жауапқа тартылса;
      қызметке орналасар алдындағы бiр жыл iшiнде сот тәртiбiмен қасақана құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылса;
      кеден органдарына қызметке орналасар кезге дейiн оның өтелмеген немесе заңнамада белгiленген тәртiппен алынбаған сотталғандығы болса, Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке қабылдана алмайды.
      20. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары өздерiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке басының, топтың немесе өзге де қызметтiк мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздерiне жазбаша нысанда заңнамада белгiленген шектеулердi қабылдайды. Мұндай шектеулердi қабылдамау кеден органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға не кеден органдарынан босатуға әкеп соғады.
      21. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, өз қызметiне қосымша депутаттық өкiлеттiктi атқаруға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, коммерциялық ұйым басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiруге, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      22. Кеден органының лауазымды адамы өзi қызметте тұрған, не оған тiкелей бағынышты немесе бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл бола алмайды.
      23. Егер, азамат кеден органдарында қызметке тұрғанға дейiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, не ол коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген жағдайда, азамат мұндай қызметті тоқтатуға немесе заңнамаға сәйкес өзге адамға сенiмдi басқаруға беруге мiндетті.
      24. Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты жеке басының, топтың немесе өзге де қызметтiк емес мүдделерде, заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың қызмет көрсетуiн пайдалануға құқығы жоқ.
      25. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына саяси партиялар мен саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне қатысуға тыйым салынады.
      26. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге тыйым салынады.
      27. Кеден органдарының өзара жақын туыстықтағы лауазымды адамдарына (ата-анасы, ерлi-зайыптылар, апалы-сiңлiлер, ағалы-iнiлер, балалары, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, ата-аналары және балалары) бiреуiнiң екiншiсiне тiкелей бағыныстылығына байланысты болса, заңнамада көзделген жағдайлардан басқада, кеден органында қызмет атқаруға тыйым салынады.
      28. Кеден органдарына алғаш рет қызметке қабылданған азаматтар үшiн даярлығының деңгейi мен тағайындалатын қызметiне қарай ұзақтығы үш айдан бiр жылға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Бұл жағдайда кандидат тиiстi қызметке арнаулы атақ берiлместен тағайындалады және кандидатқа тәлiмгер тағайындалады.
      29. Сынақ мерзiмi кезiнде кандидат қызмет атқару шарттарына сәйкес кеден органы лауазымды адамының мiндетiн орындайды және құқықтарын пайдаланады.
      30. Сынақ мерзiмi кезiнде кандидатқа мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың күшi қолданылады.
      31. Сынақ мерзiмi, кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстеме ақы төлеуге және зейнетақы тағайындауға құқық беретiн, кеден органдарындағы қызмет стажына есептеледi.
      32. Кеден органдарына алғаш рет қызметке қабылданған азаматтар Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антын қабылдайды. Ант қабылдаудың тәртiбiн Кеден комитетi белгiлейдi.
      33. Кеден органдарының лауазымды адамдары, заңнамаға сәйкес, лауазымдарды қоса атқаруға не уақытша болмаған жоғары тұрған басшы құрамның мiндетiн орындауға құқылы.
      34. Атқарып жүрген қызметiне сәйкестігiн, кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi деңгейiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн аттестация өткiзiледi.
      35. Кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызметінiң әр үш жылы сайын, бұл мерзiм толған уақыттан бастап алты айдың iшiнде аттестациядан өтедi.
      36. Жүктi әйелдердi қоспағанда, кеден органдарының барлық лауазымды адамдары аттестациялауға жатады.
      Кеден органдарына қызметке алғаш рет немесе стажын үзiп орналасқан азаматтар, Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы үздiксiз қызметiне үш жыл толғаннан кейiн аттестациядан өтедi.
      37. Аттестациялау кезiнде кезектi демалыста, iссапарда болған кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ дәлелдi себептер бойынша болмаған адамдар қызметке шыққаннан кейiн аттестациядан өтедi.
      38. Жүргізiлген аттестациялаудың негізiнде аттестациялық комиссия:
      1) атқарып жүрген қызметiне сай;
      2) белгiленген мерзiмде қайталап аттестациялауға жатады;
      3) атқарып жүрген қызметіне сай емес деген шешiм шығарады.
      39. Қайта аттестациялау бастапқы аттестациялау жүргiзілген алты айдан кейiн өткiзiледi. Бұл ретте мына шешiмдердiң бiреуi шығарылады:
      1) атқарып жүрген қызметiне сай;
      2) атқарып жүрген қызметiне сай емес.
      40. Аттестациялық комиссияның лауазымды адам атқарып жүрген қызметiне сай еместiгі туралы қорытындысының негiзінде кеден органының бастығы бiр айдың ішінде Қазақстан Республикасы кеден органдарындағы қызметін тоқтатуы туралы шешім қабылдайды.
      41. Кеден органының лауазымды адамы заңнамада белгiленген тәртіппен аттестациялық комиссияның шешiмiне шағымдануға құқықты.
      42. Кеден органдарының құрылымында лауазымды адамдардың орнын ауыстыру:
      1) жоғары тұрған қызметке - жұмысын ескере отырып мамандығы бойынша неғұрлым орынды пайдалану үшiн, ұйымдастыру-штаттық iс-шаралар өткiзуге байланысты тағайындау тәртiбiмен;
      2) маңызы бiрдей қызметке - мамандығы бойынша және жұмысын ескере отырып неғұрлым орынды пайдалану үшiн, ұйымдастыру-штаттық iс-шаралар өткiзуге байланысты, сондай-ақ олардың тiкелей және тура бастықтарының келiсiмiмен өтiнiштерi бойынша;
      3) төмен тұрған қызметке - маңызы бiрдей қызметке ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда, лауазымды адамның келiсiмiмен, штат саны қысқарған кезде немесе кеден органын немесе бөлiмшесiн қайта ұйымдастыруға байланысты, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргізiледi.
      43. Өзге қызметке ауысқан кезде негізгi немесе ұқсас мамандық бойынша не тәжiрибесiне сәйкес жұмыс, ал қажет болған жағдайда кеден органының лауазымды адамын ол үшiн жаңа мамандық бойынша қызметке пайдалану қамтамасыз етiледi. Ауыстыруға оны тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлау мұрындық болуы мүмкін.
      44. Ауыстыру, оның негiздемесi көрсетiле отырып, кеден органы бастығының бұйрығымен ресiмделедi.
      45. Кеден органдарының төмен қызметке ауыстырылған лауазымды адамдары кейiн қызметтік бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi, iскерлiк және жеке басының қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылай алады.
      46. Оған қатысты қылмыстық iс қозғалған және аталған қылмыстық iс бойынша сот шешiм қабылдағанға дейiн қамауға алу түрiнде жолын кесу шарасы қолданылмаған кеден органының лауазымды адамы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеу кезеңiнде қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетiледi. Лауазымды адамды қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету кезеңiне ақшалай ұстау сақталмайды.
      47. Кеден органдарының лауазымды адамдары қызметi бойынша "мiндетiн атқарушы" болып тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте олардың өз мiндеттерiн үзбей орындау мерзiмi, әдетте, үш айдан аспайтын уақытты құрайды.
      48. Құрылым немесе штат саны өзгерген кезде кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамаға сәйкес шығару жәрдемақысы төлене отырып, бiр айдан аспайтын мерзiмге кеден органдарының кадрлары резервiне алынуы арқылы, атқаратын қызметiнен босатылуы мүмкiн. Кеден органдарының резервiндегi аталған адамдардың қызметінiң тәртібiн Кеден комитетi белгiлейдi. Аталған мерзiм аяқталғанға дейiн кеден органының лауазымды адамын қызметке орналастыру мәселесi шешiледi. Аталған мерзiм аяқталған кезде және қызметке орналастырылуына мүмкiндiк болмауына байланысты лауазымды адам белгiленген тәртiппен босатылуға жатады.
      49. Лауазымды адамның уақытша еңбекке жарамсыздығы парағымен куәландырылған, емделуде болған уақыты, жыл сайынғы және қосымша демалыстарда болған уақыты кеден органы лауазымды адамының кадрлар резервiнде болу мерзiмiне есептелмейдi.
      50. Лауазымды адамды басқа жерге қызметке ауыстыру, тиiстi кеден органдары немесе бөлiмшелерi басшыларының жазбаша келiсiмi бойынша, маңызы бiрдей не жоғары тұрған қызметке жүзеге асырылады.
      51. Кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақ олардың бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметіне көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары, атқаратын штаттық қызметі ескерiле отырып, дәйектілiкпен жеке бөлек берiледi.
      52. Дәйектілiгіне қарай, арнаулы атақ беру алғашқы және кезектi болып бөлінедi.
      53. Егер аға басшы құрамның лауазымына алғаш рет қабылданған азаматтарға, егер олардың неғұрлым жоғары әскери атағы болмаса, әдетте, кеден қызметінiң майоры атағынан жоғары емес алғашқы арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған азаматқа, ол кеден органдары басшы құрамының лауазымына тағайындалғаннан кейiн онда бар әскери атақтан төмен емес атақ берiледi.
      54. Кiшi, орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары осы Ереженiң 62, 63, 64, 65-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кезекті атақ - атқаратын штаттық қызметі бойынша көзделген атаққа сәйкес болған кезде және оның алдыңғы атақтағы еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы бойынша дәйекті тәртiппен берiледi.
      55. Кезекті арнаулы атақ берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.
      56. Кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн арнаулы атақтарда еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгіленедi:
      1) кеден қызметiнiң прапорщигi - 5 жыл;
      2) кеден қызметiнiң кішi лейтенанты - 1 жыл;
      3) кеден қызметiнiң лейтенанты - 2 жыл;
      4) кеден қызметінiң аға лейтенанты - 2 жыл;
      5) кеден қызметінiң капитаны - 3 жыл;
      6) кеден қызметiнiң майоры - 4 жыл;   
      7) кеден қызметiнiң подполковнигі - 5 жыл.
      Кеден қызметiнiң аға прапорщигi, кеден қызметiнiң полковнигi атақтарында, сондай-ақ жоғары басшы құрам атақтарында еңбек сiңiру мерзiмдерi белгiленбейдi.
      57. Қазақстан Республикасы кеден органдарының алғашқы арнаулы атақ - кеден қызметінiң лейтенанты оқу мерзiмi төрт жыл және одан да көп жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн берiлген және кеден органдарында оқу орнында алған мамандығы немесе тектес мамандық бойынша қызмет атқарып жүрген лауазымды адамдары үшін, кеден қызметiнiң лейтенанты атағындағы қызмет өткеру мерзiмi бiр жыл болып белгіленедi.
      58. Кеден қызметінiң кішi лейтенанты алғашқы арнаулы атағы:
      1) кішi басшы құрамның лауазымындағы арнаулы орта оқу орнын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған кеден органдарының лауазымды адамдарына;
      2) тектес мамандық бойынша арнаулы орта оқу орнын бітiрген және орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған азаматтарға беріледi.
      59. Кеден қызметінiң лейтенанты арнаулы атағы:
      1) арнаулы атақтағы қызмет өткерудiң белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеден қызметінiң кiшi лейтенанттарына, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге бұл атақтағы еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан;
      2) жоғары білiмi бар, және орта, аға басшы құрамдардың лауазымдарына тағайындалған азаматтарға берiледi.
      60. Орта және аға басшы құрамдардың кеден қызметiнiң полковнигiне дейiнгi кезектi арнаулы атақтарын, оның алдындағы қызмет өткерген жылдарының белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн тиiстi кеден органдары немесе бөлiмшелерi бастықтарының ұсынуы бойынша, Кеден комитетiнің төрағасы бередi.
      61. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      62. Кезектi арнаулы атақ қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгенi және қызметтік мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшін ынталандыру түрінде, оның алдындағы атақта қызмет өткерудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн.
      63. Арнаулы атақ мерзiмiнен бұрын, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтың шегiнде, ал кеден органдарының ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар лауазымды адамдарына, жоғары басшы құрамның атақтарын қоспағанда, лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн.
      64. Мерзiмiнен бұрын арнаулы атақтар оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сіңіру жылдарының белгiленген мерзiмiнiң кемiнде жартысы аяқталғаннан кейiн және берiлетiн арнаулы атақтың атқаратын лауазымына көзделгендiгiне сәйкестігі жағдайында берiледi.
      65. Атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ оның алдындағы арнаулы атақта қызмет өткеру жылдарының кемiнде бiр жарым мерзiмi аяқталғаннан дейiн берiледi. Бұл ретте арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын және бiр саты жоғары беру, әдетте, кеден органдарындағы қызметтің бүкiл кезеңінде екi реттен артық жүргізiлмейдi.
      66. Жасы денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруы бойынша босатылған, күнтізбелiк есеппен алғанда 20 және одан көп еңбек сiңiрген жылдары бар кеден органдарының лауазымды адамдарына босатумен бiр мезгiлде кеден қызметiнiң полковнигіне дейiн қоса алғанда кезектi арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.
      67. Арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi осы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi.
      68. Кішi басшы құрамның атағы бар орта басшы құрамның лауазымына тағайындалған кеден органдарының лауазымды адамдары орта басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын беруге, бар атағымен қызмет өткерген жылдарының мерзiмiне қарамастан, ұсынылады.
      69. Кеден органы кадрларының резервiнде тұрған, тәртіптік жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қызмет тәртiбiн бұзу фактiлерi бойынша қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан лауазымды адамдарды кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну тиiсiнше қызметке тағайындағанға, тәртiптік жаза алынып тасталғанға, ақтау негiздемелерi бойынша қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн жүргiзiлмейдi.
      70. Кезектi арнаулы атақты берудi кешiктiрудiң себептерi Кеден комитетi айқындайтын тәртiппен жазбаша түрде баяндалады және кеден органының лауазымды адамына жеткiзiледi.
      71. Бағынысты адамды кезектi арнаулы атаққа ұсынуды негiзсiз кешiктiрген кеден органының бастығы тәртiптiк жауаптылықта болады.
      72. Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызметтік тәртiп кеден органдары лауазымды адамдарының өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттерiн орындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде, Антта, қызмет туралы келiсiм-шартта, сондай-ақ Кеден комитетi төрағасының бұйрықтарында белгіленген өздерiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде тәртiп пен ережелерді сақтауын бiлдiредi.
      73. Мiндеттерiн үлгілi орындағаны және қызметте қол жеткiзген жоғары нәтижелерi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеудің мынадай түрлерi:
      1) бiр жолғы ақшалай сыйақы беру;
      2) алғыс жариялау;
      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
      4) "Кеден органдарындағы үздiк қызметi үшiн" өңiрлiк белгiсiмен марапаттау;
      5) Құрмет грамотасымен марапаттау;
      6) "Кеден қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" Құрмет белгiсiмен марапаттау;
      7) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;
      8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделгеннен бiр саты жоғары арнаулы атақ беру көзделедi.
      74. Көтермелеу ретiнде бұрын салынған тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алу қолданылуы мүмкiн.
      75. Қызметтік борышын орындау кезiнде көрсеткен қаhармандығы мен ерлiгi, басқа да ерекше еңбегi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталуға ұсынылуы мүмкiн.
      76. Қызметтік тәртiптi бұзғаны үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына жазаның мынадай түрлерi:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) қызметiне толық сәйкес келмейтінi туралы ескерту жасау;
      5) кеден органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.
      77. Көтермелеу мен тәртiптiк жазалауды өздерiне берiлген құқықтардың шегiнде тiкелей бастықтар қолданады.
      78. Көтермелеу мен тәртiптiк жаза бұйрықтармен жарияланады. Кеден органдарының лауазымды адамы көтермелеу мен тәртіптiк жаза туралы қолы қойылып, жеке танысуы тиiс.
      79. Заңнамада көзделген жағдайларда, тәртіптiк жаза қолданғанға дейiн қызметтік тергеу жүргiзiледi. Әрекет жасаған адамнан жазбаша түсiнiктеме талап етiлуi тиiс. Әрекет жасаған адамның түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшiн кедергі бола алмайды.
      80. Тәртiптік жаза қолдану кезiнде:
      1) әрекеттiң мазмұны мен сипаты;
      2) әрекет жасалған кездегi жағдай;
      3) жасалған әрекет әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн жағымсыз зардаптар;
      4) оны жасаған лауазымды адамның бұдан бұрынғы мiнез-құлқы;
      5) лауазымды адамның жеке басын сипаттайтын өзге де жағдаяттар ескерiледi.
      81. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына тәртiптiк жаза заңнамада белгіленген жағдайда және шарттарда қолданылады.
      82. Егер кеден органының лауазымды адамына, бастықтың пiкiрiнше, оның құқықтарының шегінен тысқары көтермелеу шараларын немесе тәртiптiк жаза қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жоғары тұрған бастықтың алдында өтiнiш жасайды.
      83. Жоғары тұрған басшының, егер бұрын жарияланғаны жасалған әрекеттiң ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған бастық қолданған тәртiптік жазаны тоқтатуға, жеңiлдетуге немесе неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар.
      84. Өзiне берiлген көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнiндегі құқықтарды асыра пайдаланған бастық ол үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады, ал көтермелеу және жаза қолдану туралы бұйрықтарды жоғары тұрған бастық жояды.
      85. Кеден органының лауазымды адамы өзiне қолданған тәртiптiк жазаға жоғары тұрған кеден органына не сотқа шағымдануға құқылы.
      86. Кеден органы қызметiнiң тәртiбiн Кеден комитетi белгiлейдi.
      87. Қажет болған жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамада белгiленген тәртiппен белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi мезгiлде, демалыс және мереке күндерi қызметтік мiндеттерiн орындауға тартылуы мүмкiн.
      88. Кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн ақшалай қамту сақтала отырып, демалыстардың мынадай түрлерi белгіленедi:
      1) жыл сайынғы;
      2) қосымша.
      89. Кеден органдарының демалысын пайдаланбаған лауазымды адамдарын жұмыстан босатқан жағдайларды қоспағанда, демалыстарды ақшалай өтемақымен алмастыруға жол берілмейдi.
      90. Кеден органы лауазымды адамының қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
      91. Кеден органдарының лауазымды адамдарына жалақысы сақталмастан демалыс берiлуi мүмкiн.
      92. Кеден органдарының лауазымды адамдарына дем алатын жерге бару және қайту уақыты есептелместен ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күндiк, ал қызметiн биiк таулы (1500 метр және одан да биiк) жерлерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының ауа-райы жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерiнде қызмет атқаратын кеден органдарының лауазымды адамдарына, заңнамада белгiленген мөлшерлерде сауықтыру үшiн жәрдемақы төлену арқылы, 45 күнтiзбелiк күндiк ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi.
      93. Жыл сайынғы демалыс кеден органының әрбiр лауазымды адамына, жыл сайынғы демалыстардың жоспарларына сәйкес, күнтiзбелiк жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      94. Жүктiлiгі және босануы бойынша демалыс заңнамада белгіленген үстеме ақы мен төлемдер сақтала отырып берiледi. Мұндай демалыста болған уақыт арнаулы атақта еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмiне, еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстеме ақы белгілеу және зейнетақы тағайындау үшiн стажға есептеледi.
      95. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекке ақы төлеу лауазымдық жалақыдан, арнаулы атақтар бойынша, қызмет өткерген жылдары үшiн жалақыдан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де үстеме ақылар мен төлемдерден тұрады.
      96. Кеден органдарының лауазымды адамдарына қызмет өткерген жылдары үшiн лауазымдық жалақысына үстеме ақы алуға құқық беретін жұмыс стажына қызметтегi үзiлiстерге қарамастан:
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздiк, iшкi iстер, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнде қызмет атқарған уақыты;
      2) бұрынғы КСРО мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде (Кеңес Армиясы мен Әскери-Теңiз Флотында), Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiнде және басқа да арнаулы әскери құралымдарында қызмет атқарған уақыты;
      3) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi Қазақстан Республикасының партия, кеңес, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыты есептеледi.
      97. Кеден органдарының лауазымды адамдарына зейнетақы тағайындауға құқық беретiн жұмыс стажына қызметтегi үзiлiстерге қарамастан:
      1) ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінде қызмет атқарған уақыты;
      2) бұрынғы КСРО мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде (Кеңес Армиясы мен Әскери-Теңiз Флотында), Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiнде және басқа да арнаулы әскери құралымдарында қызмет атқарған уақыты;
      3) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi Қазақстан Республикасының партия, кеңес, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыты;
      4) егер лауазымды адамдар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкiметiнiң орталық органдарына қызметке жiберiлген болса, олардың кеден органдарының кадрларында болған уақыты есептеледi.
      98. Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен мiндетті мемлекеттік жеке сақтандыруға жатады.
      99. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына кеден органының лауазымды адамына сақтандыру өтемi төленбеген жағдайда, мемлекеттік бюджеттің қаражатынан соңғы атқарған лауазымы бойынша бiр жолғы он жылдық ақшалай табысы төленедi.
      100. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты мертiгумен не денсаулығының өзге де зақымдануымен келтiрген зиян үшiн (қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - отбасы мүшелерiне) ай сайынғы өтем төлемi, денсаулығының зақымдануынан пайда болған қосымша шығындардың өтемақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүргізіледі.
      101. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, ол үшiн өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн, мертiккен не денсаулығы өзге де зақымданған кезде лауазымды адамға сақтандыру өтемi төленбейтін жағдайда мынадай мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi:
      1) 1 немесе 2 топ мүгедегiне - бес жылдық ақшалай табысы;
      2) 3 топтың мүгедегiне - екi жылдық ақшалай табысы;
      3) мүгедектiгi белгiленбестен еңбек қабiлетін жоғалтудың тұрақтылығы анықталған кезде - бiржарым жылдық ақшалай табысы.
      Кеден органының лауазымды адамы қызметтік мiндеттерiн орындауы кезiнде мүгедектiкке душар етпеген ауыр мертiгу алған (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оған үш айлық ақшалай табысы, жеңiл-желпi мертiккен жағдайда - айлық табысы мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi.
      102. Егер белгiленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жаралануы (мертiгуi), ауыруға шалдығуы қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты емес жағдайларға байланысты болғаны дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.
      103. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы өзiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына есепке алған кезде болған негiздемелерде, бiрақ лауазымды адам қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, тұрғын үй алаңын алу құқығы сақталады.
      104. Кеден органдарының қайтыс болған зейнеткерлерiн немесе қаза тапқан лауазымды адамдарын жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай табысы мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай өтемақы төленедi.
      105. Кеден органдарының лауазымды адамдары, соғысқа қатысушылар, соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, интернационалшы-жауынгерлер, сондай-ақ қаза тапқан лауазымды адамдардың немесе қызметтiк мiндетiн жүзеге асыруға байланысты алған жараның, контузияның, мертiгудiң немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған лауазымды адамдардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың көлемдерiне қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi тұратын үй-жайларды меншiгiне алады.
      106. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж кеден органдарының лауазымды адамдарына жеке тұрғын үй салу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесi берiледi.
      107. Кеден органдарында қызметтi тоқтату үшiн:
      1) кеден органдарынан өз еркiмен жұмыстан босау;
      2) келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуы не заңнамада көзделген негiздемелер бойынша келiсiм-шартты бұзу;
      3) лауазымды адамның өзiнiң табысы мен мүлкi туралы қасақана жалған мәлiметтер беруi;
      4) заңнамада белгіленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;
      5) меншiк құқығы мен тиесiлi мүлiктi сенiмдi басқаруға бермеу;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
      7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау;
      8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
      9) заңнамада көзделген өзге де негіздемелер негiз болып табылады.
      108. Кiшi және орта басшы құрамдардың арнаулы атақтары бар кеден органдарының лауазымды адамдары 45 жасқа толғанға дейiн кеден органдарында қызметте бола алады.
      109. Орта және жоғары басшы құрамдардың арнаулы атақтары бар кеден органдарының лауазымды адамдары, оларға берiлген арнаулы атақтарға орай, мына жасқа толғанға дейiн кеден органдарында қызметте бола алады:
      1) кеден қызметiнiң подполковнигiне дейiн - 45 жас;
      2) кеден қызметiнiң полковнигi - 50 жас;
      3) кеден қызметiнiң генерал-майоры және кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты - 55 жас.
      110. Кеден органдарындағы қызмет үшiн 108 және 109-тармақтарда белгiленген шектi жасқа жеткен кеден органдарының лауазымды адамдары, заңнамада және осы Ереженiң 111-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, босатылуға жатады.
      111. Кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан дұрыс өткен және медициналық ауытқушылықтар болмаған жағдайда қызметтiң мүддесi үшiн жекелей тәртiппен және олардың келiсiмiмен, осы лауазымды адамдарды қызметке тағайындау құқығы берiлген басшылар, белгiленген шектi жастан тыс бес жылға дейінгi мерзiмге қызметте қалдыра алады.
      Бұл жағдайда орта, аға басшы құрамдар қатарындағы кеден органдарының лауазымды адамдарын қызметте қалдыру мерзiмi осындай тәртiппен 5 жылға ұзартылуы мүмкiн. Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм кеден органының лауазымды адамын осы Ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндігін жоққа шығармайды.
      112. Кiшi басшы құрамда қызметте тұрған кеден органдарымен лауазымды адамдарын қызметтен босатуды, олар үшiн Кеден комитетi белгiлейтiн құзiретінiң шегiнде, тiкелей бастықтар жүргiзедi.
      113. Орта және аға басшы құрамдарда қызметте тұрған кеден органдарының лауазымды адамдарын жұмыстан босатуды, олар үшiн Кеден комитетi белгiлейтiн құзiретiнiң шегiнде, аумақтық кеден органдарының бастықтары жүргiзедi.
      114. Кеден басқармаларының бастықтарын жұмыстан босатуды кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органның басшысы жүргiзедi.
      115. Кедендердiң бастықтарын, басқармалар мен кедендер бастықтарының орынбасарларын жұмыстан босатуды Кеден комитетінің төрағасы жүргізедi.
      116. Кеден комитеті орталық аппаратының лауазымды адамдарын жұмыстан босатуды, олар үшiн белгiленген құзiреттiң шегiнде, Кеден комитетiнiң төрағасы жүргізедi.
      117. Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      118. Кеден органдарының лауазымды адамдарына зейнеткерлікке шыққаннан кейiн олар есепте тұрған емдеу мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетiлу құқығы сақталады.
      119. Қызметтен денсаулық жағдайы және штат санының қысқаруы бойынша босатылатын кеден органдарының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
      120. Кеден органдары лауазымды адамдарының соғыс уақытында және төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде қызмет өткеруiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      121. Кеден органдарында қызмет өткерудiң тәртібiн және қызмет өткеру шарттарының сақталуын бақылауды Кеден комитетiнiң және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті органның басшылығы жүзеге асырады.
      122. Кеден органдарында қызмет өткерудi бұзғаны, оның iшiнде кеден органдары лауазымды адамдарының құқықтық және әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы Yкiметінің  
2000 жылғы 12 тамыздағы        
N 1238 қаулысымен         
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы лауазымды адамдарының
АНТЫ

      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, _____________________

_________________________________________________________________                  (тегi, аты әкесiнiң аты)

кеден органдарына қызметке тұра отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін, егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау ісіндегі өзімнің жауапкершілігімді ұғына отырып салтанатты түрде:
      Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
      Қазақстан Республикасының Конституциясын және өзге де заңнамасын мүлтiксiз сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық, әдiлеттілік, риясыздық пен адалдық, азаматтық және ұлтаралық келiсiм қағидаттарын басшылыққа алуға;
      өкiмет өкiлi ретінде қызметтік мiндеттерімдi орындау кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттiң мүдделерiн сақтауға;
      өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға, кеден органдары лауазымды адамының жоғары атағын қадір тұтуға, мемлекеттік құпиялар мен қызмет бабындағы құпияны сақтауға ант етемін.
      Егер өзiм қабылдаған антты бұзсам, онда мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болуға әзiрмiн.

"____"_________________ 200 __ ж.       _________________________
                                             (жеке қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады