Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. 2000 жылғы 11 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы жасалған келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ (2000 жылғы 7 қарашада күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 6, 64-құжат) Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi,
туризмнiң Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы халықтарының арасында өзара түсiнiстiк пен достық қарым-қатынасты нығайтуда маңызды құрал болып табылатынын ұғына отырып,
Тараптар мемлекеттерi халықтарының тарихи және мәдени мұралармен танысуына жәрдемдесуге тілек бiлдiре отырып,
туризм саласындағы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
өзара тиiмдiлiк негiзiнде туризмдi дамытуды көтермелеуге және оған қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар Тараптардың мемлекеттерi арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты осы Келiсiмге, Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдерге сәйкес тең құқықтылық пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде нығайтады және дамытады.
2-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң туристiк қызметiн қолдайтын болады, қазақстандық және литвалық туристiк қоғамдардың, қауымдастықтардың, ұйымдар мен кәсiпорындардың арасында ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына жәрдем көрсететiн болады. Тараптар, сондай-ақ туристердiң Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарына топтық және жеке сапарлар жасауына мүмкiндiк туғызады.
3-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес анықтамалық және жарнамалық материалдармен, туризм туралы статистикалық деректермен, туризм саласындағы қарым-қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық база және шетелдiк азаматтардың Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында болуының шарттары туралы хабарламалармен, екi мемлекеттiң туристiк объектiлерiне инвестицияларға қатысты ұсыныстар туралы ақпаратпен алмасатын болады.
4-бап
Тараптардың әрқайсысы туризм саласы үшiн кәсiби кадрлар даярлауда, туризм саласында маманданып жүрген ғылыми қызметкерлермен және сарапшылармен алмасуға екiншi Тарапқа көмек көрсетедi, Тараптар мемлекеттерiнiң осы саладағы зерттеулердi жүзеге асыратын ұйымдарының жан-жақты байланыстары мен бiрлескен iс-қимылдарына жәрдемдесетiн болады.
5-бап
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі қазақстан-литва үкiметаралық комиссиясы осы Келiсiм ережелерiнiң орындалуын бақылайды әрi талдайды және туризм саласында өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн басқа да мәселелердi талқылайтын болады.
6-бап
Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 8-бабына сәйкес күшiне енедi. Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың консультациялары және келiссөздерi арқылы шешiледi.
7-бап
Осы Келiсiмдi орындау мәселелерiне қатысты Тараптардың құзыреттi органдары:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгі;
Литва тарапынан - Туризм жөнiндегi мемлекеттiк департамент болып табылады.
Құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл жөнiнде бiр-бiрiне дереу хабарлайды.
8-бап
Осы Келiсiм мерзiмi белгiленбей жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапты жазбаша хабардар ету арқылы осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Келiсiм тиiстi Тараптың жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап алты айдан кейiн қолданысын тоқтатады.
Егер Тараптар басқаша уағдаласпаса, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату Келiсiм күшiнде болған кезеңде келiсiлген туризм саласындағы бағдарламалар мен жобалардың орындалуына әсер етпейдi. Астана қаласында 2000 жылғы 11 мамырда әрқайсысы қазақ, литван және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данадан жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiрген кезде келiспеушілiк туындаса, Тараптар орыс тiлiндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады. ҚАЗАҚСТАН ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН YКIМЕТI YШIН Мамандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.