Алматы қаласындағы экологиялық және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының 2000 жылға арналған қарыз алу лимитi 840 000 000 (сегiз жүз қырық миллион) теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Алматы қаласының әкiмi:
2000 жылға арналған қарыз алу лимитiнiң белгiленген шеңберiнде белгiленген тәртiппен аймақтық инвестициялық бағдарламаны әзiрлесiн және келiсуге ұсынсын;
тартылатын заемдарға қаржылық және құқықтық сараптама
жүргiзуге арналған қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi мен Әдiлет министрлiгiне ұсынсын;
заемдарды тартуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен қамтамасыз етсiн;
заемдарға қызмет көрсетудi және оны өтеудi жергiлiктi бюджет
қаражатынан қамтамасыз етсiн;
заемдар қаражатын игеру және оларды өтеу жөнiнде Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне тұрақты түрде ақпарат берудi
қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.