Қазақстандық шекарашылардың ерлігі мен есімін мәңгі есте қалдыру, аға ұрпақтың ерлік дәстүрлерінде жауынгерлерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шонжы шекара отрядының "Есекартқан" шекара заставасына Кеңес
Одағының Батыры, генерал-лейтенант Матвей Кузьмич Меркуловтың есімі
берілсін.
2. Күршім шекара отрядының "Чиндагатуй" шекара заставасына әскери
борышын өтеу жолында ерлікпен қазақ тапқан және қайтыс болғаннан кейін ІІ
дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған кіші сержант Раджан Әрмиұлы
Батырхановтың есімі берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.