Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 қыркүйек N 1346

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 327 P000327_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса тіркеліп отырған Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының

 

тұжырымдамасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі

агенттігі мүдделі орталық атқарушы органдармен, облыстардың, Астана және

Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі

мерзімде осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар

жоспарын әзірлесін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                Қазақстан Республикасы

                                                      Yкiметiнiң

                                               2000 жылғы 5 қыркүйектегі

                                                  N 1346 қаулысымен

                                                     мақұлданған


        Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының

                  тұжырымдамасы



 
       Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) көшi-қон процестерiнiң негiзгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетiктерiнiң, мiндеттерi мен әдiстерiнiң негiзгi жүйесiн тәртiпке келтiру мен реттеудi бiлдiредi. Осы Тұжырымдамада көшi-қон процестерiн реттеу деп - Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттiлiктерiне жауап беретiн және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкiмшілiк және әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенi түсiнiледi.
      Көшi-қон процестерi мемлекеттiк қауiпсiздiкке, қоғамдық келiсiмге, елдегi экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етедi.
      Көшi-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны iске асыру мемлекеттiң басым мiндеттерiнң бiрi болуға тиiс.
      Көшi-қон саясатының субъектiлерi - орталық және жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады.
      Мемлекеттiк органдардың көшi-қон саясатын iске асыру жөнiндегi әрiптестерi қоғамдық бiрлестiктер болуға тиiс.
      Тұжырымдама адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау негiзiнде, жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, көшi-қон саясатының негiздерiн айқындайды.
      Тұжырымдама елiмiздiң тұрақты дамуға көшу кезеңiне және экономиканың тұрақтануы мен өсуiнiң ұзақ мерзiмдiк перспективасына есептелген.
      Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттiң саяси болмысын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын негiзге алады, олар Қазақстан Республикасындағы көшi-қон процестерiн реттеу жүйесiнiң шектеушiлерi болып табылады.
      Көшi-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге негiзделген.
      Тұжырымдама көшi-қон процестерiн реттеудiң отандық және шетелдiк тәжiрибесiн ескередi.
 
                    1. Көші-қон ахуалын бағалау
 
      Қазақстанның халық көшi-қоны саласындағы ерекшелiгi мемлекет дамуының тарихи ерекшелiктерiнен туындаған көп ұлтты адамдар қауымдастығының орнығуы болып табылады.
      Мәселен, 1968 жылға дейiн республика үшiн халықтың көшi-қонының оңды сальдосы тән болды, яғни, елiмiзге келушiлердiң саны одан кетушiлердiң санынан едәуiр көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңiнде орташа жыл iшiнде 1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көшi-қон өсiмi тиiсiнше 12 және 5 адам болды.
      Алайда, 1968 жылдан бастап қазiргi кезге дейiн республиканың көшi-қон процесiнде керi ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуiнен гөрi кетуi неғұрлым жедел қарқында.
      Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар кезеңiнде орташа жыл iшiнде 1000 адамға шаққанда республика халқының көшi-қон есебiнен кемуi тиiсiнше 5 және 7 адамды құрады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiк алуымен, бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының трансформациялық процестерiнiң басталуымен және басқа да көптеген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi сияқты Қазақстанда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкiндiгiнің кеңеюiмен көшi-қонның терiс сальдосының өсу үрдiсi қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл iшiнде көшi-қонның терiс сальдосы халықтың осы кезеңдегi табиғи өсiмiн толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсiм, туу санының күрт азайып кетуi және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебiнен 2 есеге дерлiк азайды) сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кеттi.
      Қазақстан Республикасындағы көшi-қон ахуалы мынадай негiзгi

 

процестермен сипатталады:

     1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жiберiлген,

сталиндiк режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлердi

игеруге жiберiлген орыс тiлдi бөлiгі өкiлдерiнiң және әскери-өнеркәсiп

кешенiне қызмет көрсететiн контингенттің кетуi басым;

     2. Көшiп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай

жағдайлардан:

     өзiнiң ұлттық бiрегейлігін сақтау ниетiнен;

     әскери жанжалдар салдарынан;

     тарихи отанына оралу ниетiнен туындап отыр.

     3. Iшкi көшi-қонда:

     аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесiнде ауылдық елдi мекендерден

халықтың көшiп кетуi;

     қаланы ұстап тұрған кәсiпорындар мен өңдеу кешендерiнiң тоқтап қалуы

салдарынан шағын және орташа қалалардан кетуi;

     экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал

өңiрiнен халықтың көшiп кетуi.


 
       4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен шекаралардың ашықтығынан, достастық елдерiнiң бiрiңғай келiсiлген саясаты болмауынан және заңдық базаның жетiлмеуiнен туындаған заңсыз көшi-қон.
      5. Iшкi еңбек рыногында өзiмiздiң еңбек ресурстары асып-артылып жатқан кезде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты еңбек көшi-қоны.
      6. Бiрқатар мемлекеттердегi қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан босқындардың болуы.
      Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның босқындар мәртебесi туралы 1959 жылғы Конвенциясына және оған 1967 жылғы Хаттамаға қосылуы босқын мәртебесiн алудан үмiттенетiн адамдарды қабылдау жөнiнде белгiлi дәрежеде мiндеттеме жүктейді.
      Көшi-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады.
 
                   2. Көші-қон саясатының мақсаты
                      мен қағидаттары
 
      Көшi-қон саясатының мақсаты - көшi-қон процестерiн басқару тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету елiмiздiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайту және көшiп-қонушылардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.
      Қазақстан Республикасының көшi-қон саясаты мына қағидаттарға:
      көшiп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсiлдiк, ұлттық, тiлдiк белгiлерi, шығу тегi, дiни нанымы, саяси сенiмi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа жататындығы бойынша кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
      көшi-қон процестерiн және халықаралық мiндеттемелердi реттеу саласында заңдардың ережелерiн орындауды қамтамасыз етуге;
      жеке адам мен мемлекеттiң мүдделерiн ұштастыруға, өкiмет билiгiнiң барлық тармақтары мен қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiруге;
      Қазақстан Республикасы халқының мүддесiн қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негiзiнде халықтың көшi-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әрiптес-мемлекеттердiң басымдықтарын келiсуге;
      жергiлiктi халық пен көшiп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге негiзделедi.
 
                   3. Көші-қон саясатын іске асырудың
                      басымдықтары, негізгі бағыттары
 
      Көшi-қон ахуалының қазiргi кездегi жағдайына және даму перспективасына талдау жасау: бiрiншiден, көшi-қон проблемаларын шешудегi басымдықтарды; екiншiден, өтпелi кезеңде оларды шешудiң негiзгi бағыттарын, тетiктерiн және көшi-қон процестерiн реттеу жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеудi және оны ұзақ мерзiмдiк перспективаға - әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылық пен елдiң тұрақты дамуы кезеңiне iске асыруды айқындауға мүмкiндiк бередi.
      Көшi-қон саясатының неғұрлым елеулi басымдықтары ретiнде:
      өтпелi кезеңнің мәселелерiн шешу үшiн:
      оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жерiне олардың бейiмделуiне және жергiлiктi әлеуметтiк ортаға бiтеқайнасып кетуiне, қарулы жанжалдарды бастан кешiрген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
      мәжбүрлi көшi-қон, соның iшiнде заңсыз көшi-қон ағыны мен одан туындайтын терiс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;
      босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға тезiрек бiтеқайнасып кетуi және олардың өздерi шыққан мемлекетке ерiктi түрде қайтып оралуы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағында көшiп келудi бақылау жүйесiн құру және дамыту;
      эмиграция процестерiн азайтуға және тұрақтандыруға, соның iшiнде республиканың интеллектуалдық әлеуетінiң кетуiн болдырмауға жәрдемдесу iшкi және сыртқы еңбек көшi-қонын реттеудi қамтамасыз ету;
      ұзақ мерзiмдiк перспективада:
      әлеуметтiк-экономикалық алғышарттарды жасау және соның негiзiнде көшi-қон ағынын қайта бағдарлау;
      Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарында халық санының сақталуына және одан әрi қалыптасуына жағдайлар жасау;
      халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениеттi ықпалдасуын қамтамасыз ету, қазақстандық эмигранттар арасынан бiлiктi мамандардың қайтып оралуын ынталандыру;
      Қазақстан Республикасының аумағында көшiп келудi бақылау iсiнiң бiрыңғай жүйесiн енгізу және жүзеге асыру жолымен көшiп келу процестерiнiң бақылануын қамтамасыз ету;
      шет елдердегi отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады.
 
       Көшi-қон саясатын iске асырудың негiзгi бағыттары, тетiктерi
 
      Өтпелi кезең үшiн:
      1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жерiне бейiмделуiне және жергiлiкті әлеуметтік ортаға бiтеқайнасып кетуiне, қарулы жанжалдарды бастан кешiрген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
      Оралмандардың жаңадан келген жерiнде бiтеқайнасып кетуi мыналарды көздейдi:
      мемлекет кепiлдiк беретiн негiзгі құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қажеттi жағдайлар жасау және көмек көрсету;
      әлеуметтiк қолдау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру, жайластыруға жұмсалған бюджеттiк қаражатты қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкiндiк беретiн жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсiпкерлiк бастаманы көтермелеу әлеуметтiк қорғау жүйесiне нақты қол жеткiзудi қамтамасыз ету.
      Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бағдарламалары мен неғұрлым тиiмдi ұштастыру мыналарды көздейдi:
      тұрғылықты халықтың мүдделерiн ескеру. Оралмандарға көмек көрсету, олар жинақы орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезiнде тұрғылықты халық арасында ренiш тууына жол бермеген жөн. Бұл ретте, көшiп келушiлер мен жергiлiктi халық арасындағы этникалық, мәдени, тiлдiк және конфессиялық арақатынасты ескеру маңызды.
      атқарушы органдар мен оралмандар үшiн көңiлге қонымды тұрғылықты жердi таңдау;
      бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен пайдалана отырып оралмандардың бейiмделу және бiтеқайнасып кету проблемалары туралы халыққа хабарлап отыру.
      2. Мәжбүрлi көшi-қон ағынының алдын алу және одан туындайтын терiс салдарларды болдырмау.
      Басқа мемлекеттерден келетiн мәжбүрлi көшi-қонның алдын алудың аса маңызды бағыты - көшi-қон ағынын жан-жақты есепке алу заңнамалық базаны жетiлдiру және Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен екi жақты қарым-қатынас орнату кезiнде отандастарымыздың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын зерделеу болып табылады.
      Мемлекеттiк басқару органдары азаматтарды қоныстандыру процестерiн және олардың құқықтарын қорғауды реттейтiн екi жақты және көп жақты келiсiмдердi тезiрек жасасуға және iс жүзiне асыруға жәрдемдесетiн болады.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнде және алыс шет елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың қоныс аудару жағдайы туралы объективтi ақпарат алуына, оралман мәртебесiн алуына және Қазақстан Республикасында тұруына жәрдем көрсететiн болады.
      Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында экологиялық жағдайдың мониторингiн енгiзу қажет. Егер ахуал халықтың өмiрлiк тiршiлiгi үшiн белгiленген нормаға сай келмеген жағдайда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар экологиялық жағдайдың бұзылу себептерiн жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын болады, ал мұны жасау мүмкiн болмаған жағдайда - халықты көшiру жөнiндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асырады және iс-әрекетi экологиялық жағдайды бұзуға алып келген барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды осы iс-шараларды қаржыландыруға тартады.
      Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда көшiп-қонушылар ағынын шектеу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және өткiзу қажет.
      3. Мәжбүрлi көшiп-қонушылардың және босқындардың өздерiнiң шыққан мемлекетiне өз еркiмен қайта оралуы көшi-қон саясатының негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады, оны жүзеге асыру мыналарды көздейдi:
      әрбiр жеке адамға дара көзқарас;
      өзiнiң тұрақты тұратын жерiне қайта оралуға мүдделі адамның ерiктi түрде бiлдiрген тiлегiнiң болуы;
      қайта оралу процесiне мемлекеттiң қатысуы;
      кемсiтушілiкке жол бермеу және адам құқықтарын сақтау ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердi ескеру;
      қайтып оралатын аймақтағы ахуал туралы бәрiн қамтыған және объективтi ақпараттың болуы. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мұндай ақпараттарды, соның iшiнде тәуелсіз көздерден алуға ықпал жасауы тиiс. Адам құқықтарын сақтау және жеке бастың қауiпсiздiгі саласындағы жағдайға байқау жүргiзетін халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.
      4. Көшiп келудi бақылау жүйесiн жасау және дамыту.
      Заңсыз көшi-қонның жолын кесу Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн, оның экономикалық мүддесiн және қазақстандық азаматтардың мүддесiн қамтамасыз етудiң аса маңызды факторы болып табылады.
      Қазақстандағы көшi-қон бақылауының қазiргi жүйесi заңсыз көшi-қонның қалыптасқан жағдайына сай емес. Сондықтан көшi-қон процестерiн басқаруды ұйымдастыру кезiнде Қазақстанның халықаралық мiндеттемелердi орындауы, адам құқықтарын iске асыру және мемлекеттің ұлттық мүдделерiн қорғау, соның iшiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттарын негiзге алу қажет.
      Көшiп келушiлердiң, бiрiншi кезекте заңсыз көшiп келушiлердiң ағынына байланысты Қазақстан үшiн жаңа проблемалар мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде күш-жiгерiн үйлестiрудi талап етедi.
      Қазақстанға заңсыз келген және оның аумағында тұратын көшiп келушiлер өздерiнiң диаспоралары мен қауымдастығы тарапынан көмек алады, сол арқылы өздерiнiң мақсатына жету жөнiндегi iс-қимылдарға мейлiнше ықшам және әзiр болып келедi.
      Заңсыз көшiп келудi болдырмау және оның жолын кесу үшiн осы проблеманы шешуге кешендi көзқарас және атқарушы органдардың мынадай бағыттар бойынша бiрлескен iс-қимылы негiз болуға тиiс:
      көшiп келудi бақылаудың пәрмендi бiрыңғай жүйесiн жасау процесiн жеделдету бiр жағынан, көшiп-қонушылардың заңнамалық құқықтарын қорғауды көздейтiн көшi-қон заңдарын жетiлдiру, екінші жағынан, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шаралар қолдану, соның iшiнде және оларды жер аударуды да жүзеге асыру;
      босқындар деп танылған адамдардың елдiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне тезiрек бiтеқайнасып кетуi үшiн жағдайлар жасау;
      белгiлi бiр құқықтық мәртебесi жоқ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн уақытша орналастырылатын арнаулы орталықтар желiсiн құру;
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң әрқайсысымен шарттық процесті жандандыру және Достастық шеңберiнде iшкi және сыртқы шекаралардағы, заңсыз көшiп келуге қарсы күрестегі жағдай үшiн мiндеттемелер мен жауапкершiлiк нақты белгiленген тиiстi келiсiмдердi жасасу;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларының шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың өздерiне бағынышты аумақтарға шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың болу нормалары мен ережелерiн сақтаудағы жауапкершiлiгiн арттыру;
      шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың келу, болу және кету мәселелерiне байланысты мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру және олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды нығайту;
      мемлекет ауқымында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, олардың саны, орналастырылған жерi, олардан этникалық немесе басқа негiзде диаспоралар мен қауымдардың құрылуы туралы тұрақты ақпарат алып отыруға мүмкiндiк беретiн бiрыңғай есепке алу жүйесiн қалыптастыру (көшi-қон ақпарат орталығы).
      5. Еңбек көшi-қонын реттеу.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалануға бақылау жасауды, отандық еңбек рыногын қорғауды, бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасының аумағына келiп жатқан еңбекшi көшiп-қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушiлердiң шетелдiк қызметкерлердi нысаналы пайдалану, еңбек келiсiм-шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көшi-қоны проблемаларын шешуде өзара iс-қимылды күшейту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруы қажет.
      Заңсыз еңбек көшi-қонына қарсы күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және шетелдiк қызметкерлердiң жұмысы аяқталғаннан кейiн Қазақстаннан уақытылы кетуiне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдiктердi жер аударуды бақылауды ұйымдастыру.
      Елiмiздiң өндiргiш күштерiн трансформациялау күтiлуде, бұл орайда батыс, солтүстiк, шығыс және оңтүстiк аймақтар басым дамуға ие болады. Орталық аймақта тау-кен өндiру және қайта өңдеу салалары бойынша мамандандырылған қалалар мен поселкелер басым даму бағытын сақтайды.
      Ауыл халқы жердiң табиғи құнарлылығы төмен аймақтардан жерiнiң кадастрлық бағасы 60-90 балдан төмен емес, құнарлылығы жоғары аймақтарға қоныс аударатын болады.
      Ауыл шаруашылығында табиғи-климаттық жағдайы қолайлы аймақтарда жаңа жұмыс орындарының пайда болуы күтiлуде және керiсiнше, жерiнiң кадастрлық бағасы 50 балдан төмен аймақтардан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ықшамдалу процесi және жұмыс орнының азаюы салдары ретiнде халықтың көшiп кетуi орын алады.
      Халықты қоныстандыру саясаты адамдарды өндiрiсi тиiмсiз аймақтардан тiршiлiк ету және жұмыс iстеу үшiн қолайлы аймақтарға көшiруге жағдай жасайтын белсендi шараларды көздейдi.
      Еңбекке қабiлеттi халықтың ауылдан қалаға қазiргі жүрiп жатқан көшi-қоны реттелiп, жаңа тепе-теңдiкпен қалыптастырылады, бұл орайда шамамен халықтың 25%-ы ауылда тұрып қалатын болады.
      Жаңа жұмыс орындары халықтың экономикалық белсендi тобының көшi-қон толқынын туғызады. Халықтың көшi-қоны өндiрiстiк қуаттарды орналастыруға сәйкес және жұмыс орнын ашу ескерiле отырып жүзеге асырылатын болады.
      Халықтың еңбекке қабiлетті бөлiгі жерi тиiмдi пайдаланылатын және инфрақұрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударатын болады.
 
                  Ұзақ мерзiмдi болашаққа
 
      1. Бағытталған әлеуметтiк-экономикалық саясат арқылы көшi-қон ағынын қайта бағдарлау негiзiнде халықты орналастыру.
      Елiмiзде әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың дұрысталуына қарай, көшi-қонның ауылдан қалаға бет алған дәстүрлi бағытымен қатар, халықтың оңтүстік аймақтардан солтүстiктен қоныс аударуына ұласатын көшi-қонның жаңа бағыты пайда болуы мүмкiн.
      Егер көшi-қонның қаладан ауылға бет алуы ауыл экономикасы салаларының жедел дамуына, iшкi рынокта азық-түлiк тауарларының жеткiлiктi болу принципiнiң сақталуы жағдайында еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға негiзделсе, ауылдан қалаға бет алған көшi-қон қазақстан қоғамының ұзақ мерзiмдiк мүддесiне сай келедi.
      Мемлекет орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арқылы инфрақұрылым мен әлеуметтiк саланы дамытудағы жауапкершілiктi өз мойнына алады. Жеке меншiк сектордың бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындарына жұмыс күшiн тарту, қызметкерлердi алу, оларды көшiру және тұрмыс пен еңбектiң қолайсыз жағдайларының өтемi ретiндегi жеңiлдiктердiң барлық түрлерiн беру кәсiпорын есебiнен жүзеге асырылатын болады.
      2. Халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениеттi ықпалдасуын қамтамасыз ету, эмигранттар арасынан бiлiктi мамандардың қайтып оралуын ынталандыру.
      Қазақстан Республикасы өзiне халықаралық шарттар енгiзген шектеулер шеңберiнде өзiнiң экономикалық мүдделерiн, iшкi еңбек рыногын қоса қорғау мақсатында сыртқы көшi-қонды реттеудi жүзеге асыратын болады.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде Қазақстан Республикасы өзiнiң геосаяси және экономикалық мүдделерiн басшылыққа ала отырып, жоғары бiлiктi, бағалы еңбекшi көшiп-қонушыларды және iшкi еңбек рыногында жеткiлiксiз болып отырған кәсiптер мен мамандық иелерiн бiрiншi кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады.
      Бұрын шет елге тұрақты тұру үшiн немесе еңбек келiсiм-шартымен кетiп қалған отандастарымыздың, бiрiншi кезекте ғалым, жоғары бiлiктi мамандардың басқа да санаттарының, кәсiпкерлердiң - әлеуеттi инвесторлардың Қазақстанға қайтып оралуын ынталандыру маңызды мiндет болып табылады.
      3. Қазақстан аумағында көшiп келу процестерiн бақылауды қамтамасыз ету мыналарды көздейдi:
      көшi-қонды бақылау қосындарын және көшi-қон инспекциясын қоса, көшi-қон органдарының қызметiн дамыту және жетiлдiру арқылы бiрыңғай көшi-қон бақылауын енгізу және жүзеге асыру;
      баспана iздеген адамдарды қабылдау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасау;
      тезiрек бiтеқайнасып кету жөнiндегi арнаулы бағдарламаны әзiрлеу және республиканың мүддесi үшiн көшiп-қонушылардың интеллектуалдық және еңбек әлеуетiн пайдалану үшiн жағдай жасау.
      4. Шет елдердегi отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту.
      Перспективада әртүрлi елдерде, ең алдымен бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының аумағында Қазақстанмен этникалық тамырлары байланысты жеткiлiктi дәрежеде көптеген диаспора тiршiлiк ететiн болады. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар көрсетiлген мемлекеттермен өзара тиiмдi саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды басым дамыту саясатын жҮРгiзiп, мынадай шаралар кешенiн жүзеге асыратын болады:
      туыстық қарым-қатынастарға жәрдемдесу, шекарадан өту және Қазақстан аумағында болу рәсiмдерiн оңтайландыру;
      еңбек қызметiн және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оқуға, азаматтық және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алуға басымдықпен қол жеткiзу бөлiгiнде өзге шетелдiктердiң алдында шетелдiк отандастарымыз үшiн пұрсаттылықты қамтамасыз ету;
      шекара маңындағы ынтымақтастықты, соның iшiнде бiрлескен экономикалық және мәдени жобаларды жүзеге асыруды дамыту.
      5. Босқын деп танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға тезiрек бiтеқайнасып кету жағдайын қамтамасыз ету.
      Қазақстанда қалыптасқан нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, нарықтық қатынастардың ерекшелiктерiне байланысты босқын деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға бiтеқайнасып кету тетiгін жасау.
 
                4. Көші-қон саясатының міндеттері
 
      Көшi-қон саясатын iске асыру кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет органдары, қоғамдық бiрлестiктерi алдында:
      1. Сыртқы саясат саласында:
      мемлекетаралық деңгейде оралмандар, босқындар, мәжбүрлi қоныс аударушылар проблемасын шешудiң екi жақты және көп жақты форматының тетігiн әзiрлеу және жүзеге асыру мемлекеттердiң - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың жанжалдарды болдырмау мен этникалық және дiни проблемаларды бейбiт шешудегi ынтымақтастығы;
      көшi-қон процестерiн реттеу және көшiп-қонушылар шыққан елдермен тиiстi ақпараттар алмасу жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарын жасасуы;
      көшi-қон жөнiндегi ұлттық заңнамаларының үйлесiмiн жасау;
      Қазақстанның еңбеккер көшiп-қонушыларының құқықтары туралы екi жақты және көп жақты келiсiмге қосылуы;
      Қазақстан Республикасының шекара маңындағы сауданы оңтайландыру, мәдени, әлеуметтiк-тұрмыстық және өзге де жанжалдарды жеңiлдету жөнiндегi мемлекетаралық және үкiметаралық уағдаластықтарға қол жеткiзуi;
      отандастарымыздың тұрып жатқан елдердегi толық құқылы саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени даму құқығын iске асыруға жәрдемдесу, Қазақстанмен рухани және өзге де байланыстарын қамтамасыз ету;
      көшi-қон проблемаларын шешу мүддесiнде шетелдердiң көшi-қон қызметтерiмен, халықаралық мемлекеттiк емес және гуманитарлық ұйымдарымен өзара iс-қимыл мiндеттерi тұр.
      2. Ішкi саясат саласында және әлеуметтiк-экономикалық салада:
      оралмандарды жайластыру, мемлекеттiк атаулы көмек берудi дамыту және оларды қолдау үшiн жағдайлар жасау;
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық реформаларының негiзгi бағыттарымен демографиялық және көшi-қон саясаты басымдықтарының үйлесiмi;
      көшi-қон саясаты басымдықтарын ескере отырып көшi-қон бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      әлеуметтiк-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламалары құрамына оралмандарды жайластыру жөнiндегi шаралар кешенiн енгiзу;
      республиканың аймақтарындағы, еңбек рыногындағы, тұрғын үйге және мәдени-тұрмыстық саладағы әлеуметтiк-экономикалық ахуал мониторингi;
      оралмандарға көмек көрсететiн қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл;
      шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуiне және кетуiне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуына бақылау мәселелерiн көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу.
      3. Заңнама саласында - Қазақстан Республикасының Заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қабылдау.
      4. Ақпараттық салада:
      рухани бiрлiк, халықтар достығы, қоғамдық және ұлтаралық келiсiм идеясын қалыптастыру және тарату;
      Қазақстан халықтарының тарихы және мәдениетi туралы бiлiмдерді тарату;
      көшiп-қонушылардың ұлттық салт-дәстүрлерiн ескеру бұқаралық ақпарат құралдарына көшiп-қонушылардың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын объективтi түрде жариялауға жәрдемдесу;
      көшi-қон проблемаларын тиiмдi шешуге жағдай жасайтын оңды қоғамдық пiкiрлердi қалыптастыру Қазақстан Республикасының халқын көшiп-қонушылар психологиясының ерекшелiгi, көшiп-қонушылар жағдайының себептерi мен проблемалары, олардың бейiмделуiндегi қиындықтар туралы объективтi хабардар етiп отыру;
      көшi-қон саласындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттарды жинау және тарату жүйесiн орнықтыру.
 
              5. Көші-қон саясатын іске асырудың
                      нысандары мен әдістері
 
      Көшi-қон саясатын iске асырудың басты бағдарламалық-нысаналық әдiсi - республикалық көшi-қон бағдарламаларын, өзге де нысаналы бағдарламаларды, атқарушы органдардың көшi-қон проблемаларын шешуге бағытталған аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру болып табылады. Бағдарлама көшiп-қонушылардың әртүрлi санаттарының проблемаларын шешуге сараланған

 

көзқарасты қоса, құқықтық, ұйымдық және экономикалық шараларды көздеуге

тиiс.

     Көшi-қон процестерiнiң елдегi мемлекеттiк қауiпсiздiкке қоғамдық

келiсiмге, экономикалық және демографиялық ахуалға ықпалының жан-жақты

сипатын ескере отырып, көшi-қон саясатын әзiрлеуге және iске асыруға

орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қатысуға тиiс.



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады