"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Туркиш Петролеум Интернешнл Компани Лимитед" компаниясына (Қазақстан Республикасының аумағында Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр даңғылы, 46 мекен жайы бойынша филиалы бар) "Туркиш Петролеум Корпорейшэн (ТРАО)" (Түркия, Анкара қаласы) компаниясы мен "Туркиш Петролеум Интернешнл Компани Лимитед" компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы арасында жасалған 2000 жылғы 23 маусымдағы келiсiм-шартқа сәйкес қосымшада көрсетiлген 13 иондаушы сәулелену көзiн (СЭҚ ТН коды 2844) Түркиядан Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Туркиш Петролеум Интернешнл Компани Лимитед" компаниясына иондаушы сәулелену көздерiн әкелуге лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен өнiмге жоғарыда көрсетiлген өнiмге кедендiк бақылау жасауды және оның кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
7 қыркүйектегі N 1353
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасына әкелінетін иондаушы сәулелену көздерінің
тізбесі
_____________________________________________________________________
N ! Атауы !Белсенділігі ! Саны (дана)
_____________________________________________________________________
4
1 Радий - 226 (Ra 226) 74х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
10
2 Цезий - 137 (Cs 137) 7.4х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
4
3 Цезий - 137 (Cs 137) 22.2х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
7
4 Цезий - 137 (Cs 137) 1.11х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
7
5 Америций 241 берилдік 85.1х10 Бк 1
(Am241Be)
_____________________________________________________________________
7
6 Америций 241 берилдік 2035х10 Бк 1
(Am241Be)
_____________________________________________________________________
10
7 Америций 241 берилдік 74х10 Бк 1
(Am241Be)
_____________________________________________________________________
7
8 Америций 241 Цезий-137 2120х10 Бк/ 1
7
(Cs 137) (Am241Be) 1.132 х 10 Бк
_____________________________________________________________________
4
9 Торий - 232 74х10 Бк 1
(Th 232)
_____________________________________________________________________
4
10 Торий - 232 0,63х10 Бк 1
(Th 232)
_____________________________________________________________________
4
11 Уран 238 (U 238) 0.85х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
4
12 К 40 6.3х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
4
13 К-U-Тh 7.4х10 Бк 1
_____________________________________________________________________
Барлығы 13
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.