Иондаушы сәулелену көздерiн Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 қыркүйек N 1362

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Восток-Изотоп" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігiне (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы) радиациялық техниканы монтаждау және жөндеу жөніндегi "Квант" ЖАҚ-мен (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы) жасалған 2000 жылғы 5 маусымдағы N С/2-75-9 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына 117 иондаушы сәулелену көздерін (Цезий-137), (СЭҚ ТН коды 2844) әкелуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      1) "Восток-Изотоп" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне иондаушы сәулелену көздерін әкелуге лицензия берсiн;
      2) Қазақстан Республикасы бақылаушы органдарының әкелінетін өнiмнiң түпкiлiктi пайдаланылуын тексеруге қол жеткiзуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитеті кеден заңнамасымен белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетілген

өнiмге кедендiк бақылау жасауды және оның кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз

етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Атом энергетикасы

жөніндегi комитетiне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады