Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілік спектрін тиімді пайдалануын талдау және бағалау және оларды азаматтық пайдалануға беру үшін резервтерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда комиссия құрылсын.
2. Комиссия бір айлық мерзімде:
1) резервтерді анықтау және оларды азаматтық пайдалануға беру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілік спектрін тиімді пайдалануына талдау жүргізсін және бағаласын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес жаңа байланыс технологияларын енгізу үшін қажетті жиіліктер өрістерін босатудың орындылығы және мерзімдері;
жиіліктер өрістерін босату жөніндегі қаржы шығындарының сметасы;
жиіліктер өрістерін кезең-кезеңмен босату іс-шараларының жоспары жөнінде ұсыныстар жасасын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қойылған міндеттерді шешу үшін комиссияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиоэлектронды құралдары қамтыған жиіліктер өрістері туралы бүкіл қажетті ақпаратты ұсынсын.
4. Комиссияға белгіленген тәртіппен министрліктерден, агенттіктерден
және ведомстволардан тиісті ақпаратты алу, сондай-ақ қажет болған жағдайда
комиссияға жүктелген міндеттерді шешуге мүдделі мемлекеттік органдардың
мамандары мен сарапшыларын тарту құқығы берілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1388 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
радиожиілік спектрін тиімді пайдалануын талдау
және бағалау жөніндегі комиссиясының
Құрамы
Ахметов Даниал Кенжетайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары, төраға
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Нәсиев Асқар Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрлігі
Ақпараттық жүйелер департаментінің
директоры
Нұрғожин Болат Ысқақұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрлігі Көліктік
бақылау комитетінің Байланыста
бақылау жасау басқармасының бастығы
Сапаров Мәлік Мұхаметжанұлы - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі Бас штабы бастығының
бірінші орынбасары
Орынбеков Мүбәрәк Орынбекұлы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
байланыс бастығы - Бас штаб Байланыс
департаментінің бастығы
Солодилов Сергей Петрович - Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің Бас штабы бастығының
орынбасары - Әуе қорғанысы күштері
Қолбасшысының Бас басқару штабы
Байланыс және радиотехникалық
қамтамасыз ету әскерлерінің және
радиотехникалық қамтамасыз ету
байланыс басқармасының бастығы
Шоқаев Ерболат Ыбырайымұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Жедел техникалық
департаментінің бастығы
(келісім бойынша)
Омаров Жанай Сейітжанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі Бұқаралық ақпарат
құралдары департаментінің директоры
Әбдірахманов Есіркеп Оңланбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика
министрлігі Салалық саясат
департаментінің директоры
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі Заң департаменті
директорының міндетін атқарушы
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Бюджет департаменті
директорының орынбасары
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.