Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының 2000 жылға арналған қарыз алу лимитін пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 қыркүйек N 1395

      Алматы қаласында экологиялық және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының 2000 жылға арналған

 

қарыз алу лимитінің шегінде жергілікті заем қаражатына жол-жөндеу

техникасын сатып алу жөніндегі аймақтық инвестициялық жобаны іске асыру

туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысына келісім берілсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады