Лейкемиямен ауыратын балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны үшін дәрі-дәрмектік заттар мен
диагностикалық шығыс материалдарын сатып алуға 10 (он) миллион теңге
бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген
тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз
етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.