Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қыркүйек N 1464

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24-сәуірдегі N 463 P990463_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 142-құжат):
      1-тармағындағы "2002" деген сан "2003" деген санмен ауыстырылсын;
      4-тармағындағы "2001-2003" деген сандар "2001-2004" деген сандармен ауыстырылсын.
      2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 P000830_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
      2-тармағының екінші абзацындағы "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;
      2-тармағының үшінші абзацындағы "2001 жылдың 1 тамызына дейін" деген

 

сөздер "2002 жылдың 1 шілдесіне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4-тармағындағы "2001 жылдың 1 қазаны" деген сөздер "2002 жылдың 1

шілдесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

     8-тармағындағы "2002 жылдың қыркүйегінен бастап" деген сөздер "2003

жылдың қаңтарынан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

     9-тармағындағы "2000-2003" деген сандар "2000-2004" деген сандармен

ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады