"Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қыркүйек N 1470

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны:
      1) аудандық баспаханалардың мүлiктiк кешендерiн бөлу және олардың базасында "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Алатау" БПК" ААҚ) құру;
      2) қалалық баспахана мүлiктiк кешенiн бөлу және оның базасында құрылтайшылар құрамына 30 пайыздан аспайтын қатысушы үлесiмен "Сын" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiн енгiзе отырып, "Алматы-Болашақ" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Алматы-Болашақ" ЖАҚ) құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның жарғыларын бекiту кезiнде олардың негiзгi қызмет түрлерiн анықтасын және олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң олардың жарғылық капиталдарының 33 пайызы мөлшерiндегi бөлiгiн жекешелендiрудi жүзеге асырсын;
      3) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асырушы уәкiлеттi орган етiп Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiн белгiлесiн;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен олардың үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесіндегi:
      "Алматы қ." бөлiмi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 293 және 293-1-жолдармен толықтырылсын:
      "293. "Алатау" БПК" ААҚ;
      293-1. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқығы берiлетiн салалық министрлiктер тiзбесiндегi:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

 

министрлiгi" бөлiмi:

     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1 және 224-2-жолдармен

толықтырылсын:

     "224-1. "Алатау" БПК" ААҚ;

     224-2. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ";

     3) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн

жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998

жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 


P981271_
 

  қаулысындағы:

     көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындар тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 4-жол

алынып тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады