Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 қазан N 1502

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

 

арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы

мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің

төрағасы Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы

ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан

қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                  Жоба 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі   

         арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Ресей Федерациясының Үкіметі


 
       Қазақстан мен Ресей халықтарының арасында достық қарым-қатынасты кеңейтуге, екі мемлекеттің тыныс-тіршілігімен, тарихымен және мәдени мұраларымен таныстығын жақсартуға жағдай жасауға ынта білдіре отырып,
      туризм халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың, игі тілегін білдірудің және қарым-қатынастарды орнықтырудың маңызды құралы болып табылатынын түсіне отырып,
      төмендегілер жөнінде келісті:
 

                                   1-бап



 
       Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты тең құқықтық, өзара тиімділік негізінде және осы Келісімге, екі мемлекеттің заңдарына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес нығайтып, дамытатын болады.
 

                                   2-бап



 
       Осы Келісімнің орындалуын Тараптар өздерінің туризмді басқаратын мемлекеттік органдарына жүктейді:
      Қазақстан Республикасы Тарапынан - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі;
      Ресей Федерациясы Тарапынан - Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрлігі.
 

                                   3-бап



 
       Тараптар туризмді басқаратын мемлекеттік органдарына Қазақстан мен Ресейдің туризм саласына қаржы құятын, сондай-ақ туристерге қызмет ету мақсатында бірлескен кәсіпкерлікті ұйымдастыратын туристік ұйымдардың арасында ынтымақтастық орнату және дамыту жөніндегі қызметінде қолдау жасайтын болады.
 

                                   4-бап



 
       Тараптар екі мемлекеттердің туристік сапарларына байланысты шекаралық, кедендік және басқа да нысандылықтарды жеңілдетуге ұмтылатын болады.
 

                                   5-бап



 
       Тараптар ұйымдасқан топтық туризммен қатар жеке туризмді, оның ішінде спорт шараларына, музыка, театр және фольклор фестивальдеріне, сондай-ақ туризм мәселелері бойынша өткізілетін көрмелерге, симпозиумдар мен конгресстерге қатысу мақсатында кеңейтетін болады.
 

                                   6-бап



 
       Тараптар өздерінің туризмді басқаратын мемлекеттік органдарының статистикалық және туризм саласындағы басқа да ақпарат алмасуын, оның ішінде:
      Тараптар мемлекеттерінде туристік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы;
      туристік көркем орындар болып табылатын табиғи және мәдени ресурстарды қорғаумен және сақтаумен байланысты нормативтік құқықтық актілер туралы;
      Тараптар мемлекеттерінің туристік мүмкіндіктері туралы;
      қонақ үйлер және туристер орналастырылатын басқа да орындар туралы;
      сондай-ақ анықтамалық-ақпараттық және жарнамалық материалдар алмасуын көтермелейтін және қолдайтын болады.
 

                                   7-бап



 
       Тараптар туризмді басқаратын мемлекеттік органдарға туризм саласы үшін кәсіби мамандар даярлауға, туризм және саяхат мәселелері бойынша маманданып жүрген ғылыми қызметкерлер, сарапшылар, журналистер алмасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында туризм саласында зерттеу жүргізетін ұйымдарға байланыс орнатуына және олармен бірлескен іс-қимыл жасауына жағдай жасайды.
 

                                   8-бап



 
       Тараптар туризмді басқаратын мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын Бүкілдүниежүзілік туристік ұйым мен басқа да халықаралық туристік ұйымдардың шеңберінде үйлестіретін болады.
 

                                   9-бап



 
       Тараптар екінші Тараптың аумағына туристік сапарға баратын өз мемлекеттері азаматтарының сол мемлекеттің шетелдік туристердің жүріп-тұруына қатысты ішкі заңдары туралы ақпаратты алуы жөнінде шаралар қабылдайды.
 

                                   10-бап



 
       Тараптар өздерінің туризмді басқаратын мемлекеттік органдарына екі мемлекеттің аумақтарында болатын мемлекеттің ішкі заңдарына сәйкес туризм жөніндегі ресми өкілдіктерінің ашылуына ықпал етеді.
 

                                   11-бап



 
       Осы Келісімнің қағидаларын түсіндіру мен қолдануда дау туған жағдайда Тараптар оны келіссөздер мен консультациялар өткізу арқылы шешетін болады.
      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке Хаттамамен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
 

                                   12-бап



 
       Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік

 

рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап

күшіне енеді.

     Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы

кезекті кезең аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей екінші Тарапқа

Келісімнің күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермесе,

Келісімнің күші өз-өзінен келесі бесжылдық кезеңдерге ұзартылады.

     ________________ қаласында 2000 жылдың "____"______________ әрқайсысы

қазақ және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды. Екі мәтіннің күші бірдей.

     Осы Келісімнің қағидаларын түсіндіруде келіспеушілік туындаған

жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасының                Ресей Федерациясының

          Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады