Қазақстан Республикасының спортшыларына - Сидней қаласындағы (Австралия) 2000 жылғы ХХVII Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қазандағы N 1510 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының спортшыларын - Сидней қаласындағы (Австралия) 2000 жылғы Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және олардың жаттықтырушыларын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне Сидней қаласындағы (Австралия) Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 P991956_ қаулысымен белгіленген мөлшерде бір жолғы төлемдерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 165474000 (бір жүз алпыс бес миллион төрт жүз жетпіс төрт мың) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.13 N 1525 Қаулысымен. P001525_

       2. "Қазақстан Республикасының спортшыларын 2000 жылғы Сидней қаласындағы (Австралия) ХХVIІ Олимпиадалық ойындарға қатысуға даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтағы "ақшалай сыйақылардың" деген сөздер "республикалық бюджеттің қаражаты есебінен көрсетілетін бір жолғы төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы: "ақшалай сыйақылардың" деген сөздер "республикалық бюджеттің қаражаты есебінен көрсетілетін төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қазандағы N 1510 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы спорт делегациясының Сидней қаласындағы (Австралия) ХХVII Олимпиадалық ойындардағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері _________________________________________________________________________ р/с ! Спортшының аты-жөні ! Алған ! Спорт түрі ! Жаттықтырушының ! ! орыны ! ! аты-жөні. _________________________________________________________________________ 1. Шишигина Ольга 1 орын Жеңіл Никитенко Владимир атлетика Иванович, кедергілермен Никитенко Любовь 100 м. Ивановна _________________________________________________________________________ 2. Ибраимов Ермахан 1 орын Бокс, 71 кг. Еділов Тұрсынғали Нұржақыпұлы _________________________________________________________________________ 3. Саттарханов Бекзат 1 орын Бокс, 57 кг. Визирякин Анатолий Петрович _________________________________________________________________________ 4. Винокуров Александр 2 орын Велосипед Ремыга Владимир спорты, Николаевич топтап жарысу. _________________________________________________________________________ 5. Байрамуков Ислам 2 орын Еркін күрес Ушанов Олег 97 кг. Жанович _________________________________________________________________________ 6. Жұмаділов Болат 2 орын Бокс, 51 кг. Цой Феликс Тихонович _________________________________________________________________________ 7. Ділдәбеков Мұхтархан 2 орын Бокс, 91 кг. Сафиуллин Нұрғали Әбдібарұлы _________________________________________________________________________ 8. Гааг Дмитрий 4 орын Триатлон Соловьев Юрий Викторович _________________________________________________________________________ 9. Филимонов Сергей 4 орын Ауыр Дон Лазарь атлетика, Намкедович 77 кг. _________________________________________________________________________ 10. Федорченко Сергей 5 орын Спорттық Калиш Александр гимнастика, Георгиевич сүйеніп секіру _________________________________________________________________________ 11. Донбай Базарбек 5 орын Дзюдо, 60 кг. Таутанов Манарбек Бекенұлы _________________________________________________________________________ 12. Лалиев Геннадий 5 орын Еркін күрес, Сайханов Тұрсұпхан, 76 кг. Рахманқұлов Нұрғали _________________________________________________________________________ 13. Аспандиярова Дина 6 орын Мылтық ату, Бабушкин Анатолий пистолет Григорьевич _________________________________________________________________________ 14. Жақаева Әсел, 6 орын Су добы, Маслюк Сергей Герзанич Екатерина, әйелдер Геннадьевич, Алеева Резеда, Крюков Александр Пыресова Юлия, Андреевич Королева Светлана, Егармин Игорь Буравова Светлана, Петрович Губина Татьяна, Борода Анастасия, Ольхина Лариса, Бородавко Ирина, Галкина Наталья, Игнатьева Наталья, Лещук Ольга _________________________________________________________________________ 15. Мамыров Мәулен 6 орын Еркін күрес, Бұғыбаев Аманжол 54 кг. Құмболатұлы _________________________________________________________________________ 16. _________________________________________________________________________ 17. Залевская Светлана 6 орын Жеңіл Фролов Михаил атлетика, Иванович биіктіктен секіру _________________________________________________________________________ 18. Тетерюк Андрей 6 орын Велосипед Ремыга Владимир спорты, Николаевич старттан жекеленген жарыс _________________________________________________________________________ 19. Матвиенко Сергей 6 орын Грек-рим Матвиенко Владимир күресі, 90 кг. Петрович _________________________________________________________________________ 20. Мұңайтпасов Данияр 6 орын Бокс, 67 кг. Супрун Виктор Васильевич _________________________________________________________________________ 21. Кәрімжанов Нұржан 6 орын Бокс, 60 кг. Камашев Владимир Романович _________________________________________________________________________ Ескерту: Егер спортшыны даярлауда екі және одан көп жаттықтырушылар қатысса, бірыңғай төленетін сомасы жүлделі орынға төленуге белгіленген мөлшерінен олардың қосқан үлесіне қарай анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларының жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер әрбір жаттықтырушыға спортшылар үшін белгіленген мөлшерде төленеді. Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.13. N 1525 қаулысымен. P001525_

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады