Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 қазан N 1521.

      Ескерту. 1-1-тармағынан басқа, қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету және бiрыңғай ақпараттық орталығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. (1-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен ).
      1-1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы функцияларын, сондай-ақ қоса берiлiп отырған тізбеге сәйкес штат санын жаңадан құрылған Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру жолымен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелер құрылсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.03. N 1665 қаулысымен .
      2.-5. (2-5-тармақтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен ).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады