Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Алатау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан N 1531

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "АЛАТАУ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) шаруашылық жүргiзу құқығымен құрылсын.

      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәнi мыналар болып анықталсын:
      1) спорт ғимараттарын, спорттық жабдықтарды басқарумен және пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру; 
      2) спорт ғимараттарын ұстау, дамыту және құрылысын салу.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тiркелуiн өткiзудi қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады