Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 сәуірдегі N 688 P970688_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Қазақстан Республикасының меншігіне: Рюстерналлее, 18, Берлин-Вестенд мекен-жайы бойынша бұрын сатып алынған ғимаратты сатып, аталған жылжымайтын объектіні сатудан түскен қаражатты кейін, Қазақстан Республикасы Елшілігі офисін орналастыру үшін, Қазақстан Республикасының меншігіне Германия Федеративтік Республикасының жаңа астанасындағы: Норденштрассе, 14-15, Берлин-Панков мекен-жайы бойынша ғимарат сатып алуға бағыттауға рұқсат етілсін" деген сөздер "Төменде көрсетілген жылжымайтын объектілерді сатудан алынған ақшаны кейіннен Қазақстан Республикасының меншігіне Германия Федеративтік Республикасының жаңа астанасында: Қазақстан Республикасы Елшілігінің офисін орналастыру үшін - Норденштрассе, 14-15, 13156 Берлин-Панков; Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісінің резиденциясына арналған - Маяковскийринг 5-7, 13156 Берлин мекен-жайлары бойынша ғимараттарды сатып алуға жұмсайтын болып, Қазақстан
Республикасының меншігіне Рюстерналлее, 18, 14050 Берлин; Энглераллее, 27,
Берлин; Луизенштрассе, 116, Бонн мекен-жайлары бойынша сатып алынған
ғимараттарды сатуға рұқсат етілсін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Шарипова М.Е.