"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 417 U000417_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Батыс әскери округі қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде 120 бірлік болып бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) бір апталық мерзімде Мекемені ұстауға және жарақтандыруға шығыстар сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекемені қаржыландыруды республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізсін;
2) Ақтөбе облысының әкімімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтөбе облысының әкімі әкімшілік ғимаратының бір бөлігін материалдық-техникалық базасымен және Ақтөбе қаласындағы онымен шектес аумағымен бірге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асырсын;
3) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының
әкімдерімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс әскери
округінің бөлімдері мен құрамаларын орналастыру мақсатымен олар берген
өтінімдер бойынша үйлерді, ғимараттарды, объектілер мен жерлерді Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Балабекова Г.Г.