Ұлттық авиа тасымалдаушысы "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ) банкрот болуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазкоммерцбанк" ААҚ), "Эйр Қазақстан" ЖАҚ және "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлiк қоғамы арасында 2000 жылғы 2 қазанда жасалған бәтуагерлiк келiсiм мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - Көлiккомминi) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның 50 (елу) пайыз дауыс беру акцияларын "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын оңалту жоспарын әзiрлеу және Көлiккомминiмен келiсу жөніндегi мiндеттемесiн сенiмдi басқару шарты жағдайында көздесiн;
2) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның "Боинг Эйркрафт" компаниясымен келiссөздерінің қорытындысы бойынша әуе кемелерiнiң қаржы лизингi мәмiлелерінің мәнiн алмастыру және тиiстi мемлекеттiк кепілдiктердi қайтып алу мүмкіндiгiн қарасын;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп осы қаулыны жүзеге асыруға қажеттi
барлық шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.