Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті ішінара өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қазан N 1592

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының Z990473_ 16-бабына сәйкес, сондай-ақ "Жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 маусымдағы N 862 P000862_ қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуге республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен 1 587 106 833 (бір миллиард бес жүз сексен жеті миллион жүз алты мың сегіз жүз отыз үш) теңге бөлсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.21. N 1872         

              қаулысымен. 


P001872_



     2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі белгіленген тәртіппен бөлінген қаражат есебінен жұмыссыздық

бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуді қамтамасыз

етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады