Уран өнімінің экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N 1593

      "Қару жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) Уран концентраттарын сатып алуға және сатуға "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ пен Камеко Юроп С.А. арасындағы 2000 жылғы 15 тамыздағы келiсiмнiң шарттарына сәйкес табиғи уранның шала тотық-тотық түрiндегі уран концентратын (СЭҚ ТН коды 284410390) 450 000 кг U мөлшерiнде Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ-на осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген уран өнiмiнiң экспортына лицензиялар берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi осы қаулының

1-тармағында көрсетiлген уран өнiмiнiң экспортын бақылауды қамтамасыз

етсiн.

     4. Осы каулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады