Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан "САІ-Қазақстан" Орталық Азиялық инвестициялық компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойсын;
2) Экономиканың басым секторларында тікелей инвестицияларды жүзеге асыру кезінде "САІ-Қазақстан" Орталық Азиялық инвестициялық компаниясына мемлекеттік қолдау шараларын көрсетсін.
2. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Астана, Алматы қалаларының
және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдері Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен "САІ-Қазақстан" Орталық Азиялық
инвестициялық компаниясына жәрдем көрсетсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.