Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына әзірлік және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қазан N 1628. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.15. N 307 қаулысымен. ~P020307

 


     "Тараз қаласының 2000 жылдығын мерекелеуге әзірлік туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1141 


P001141_


  қаулысына

сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына

әзірлік және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                               Қазақстан Республикасы

                                                    Үкіметінің

                                               2000 жылғы 30 қазандағы

                                                 N 1628 қаулысымен

                                                     бекітілген


     Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына әзірлік

           және өткізу жөніндегі іс-шаралардың

                        жоспары

________________________________________________________________________

Р/с  !          Іс-шара             !   Жауапты    ! Орындалу

N   !                              ! орындаушылар !  мерзімі

________________________________________________________________________

1     Айша-Бибі селосындағы           МАҚМ           2001 жылғы

      Айша-Бибі және Бабаджа-Хатун,                   қыркүйек

      Тараз қаласындағы Қарахан және

      Дәуітбек кесенелері бойынша

      ғылыми-зерттеу, жобалау және

      қайта қалпына келтіру жұмыстарын

      жүзеге асыру

________________________________________________________________________

2     Тараз қаласында Қазақстан       МАҚМ,          2001 жылғы

      және шет мемлекеттер ғалым.     БҒМ               қазан

      дарының қатысуымен халықаралық

      ғылыми-практикалық конференция

      өткізу

________________________________________________________________________

3     Тараз қаласында Қазақстан        МАҚМ,            2001 жылғы

      өнер шеберлерінің концертін      Жамбыл            қазан   

      және театрландырылған            облысының әкімі

      көрінісін өткізу

________________________________________________________________________

4     ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде        МАҚМ,            2001 жылғы

      (Париж) халықаралық дөңгелек     СІМ                қазан

      үстел, "Тараз-2000" көрмесін

      ұйымдастыру

________________________________________________________________________

5     Астана қаласында халықаралық     МАҚМ,             2001 жылғы

      түркі тілдес елдердің дәстүрлі   Астана қаласының    қазан

      музыкасының халықаралық           әкімі

      фестивалін өткізу

________________________________________________________________________



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады