Қарағанды-Астана жолын қайта жаңғырту жобасын қаржыландыру үшiн Сауд Даму Қорының заемын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 қазан N 1643

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қарағанды-Астана жолын қайта жаңғырту жобасын (бұдан әрi - жоба) қаржыландыру үшiн 45 000 000 (қырық бес миллион) сауд риалынан аспайтын сомаға заем туралы келiсiм (шарт) жасасу нысанында Сауд Даму Қорының (бұдан әрi - несие берушi) заемын тарту жолымен заңда белгiленген тәртiппен үкiметтiк қарыз алу жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп несие берушiмен жобаны қаржыландыру мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан несие берушiмен заем туралы тиiстi келiсiм (шарт) жасассын;
      тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражаттың есебiнен тартылатын заемға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті қорытынды ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

 

тартылатын заем қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз

етсiн.

     5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заем туралы келiсiмге

(шартқа) қол қойылғаннан кейiн заемның Қазақстан Республикасының

заңнамалық кесiмдерiне сәйкестiгi туралы заңи қорытындыны ресiмдесiн.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады