Пенитенциарлық жүйені реформалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 1 қараша N 1651 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.22. N 544 қаулысымен. ~P020552

      Мемлекет басшысының пенитенциарлық жүйені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына беру туралы тапсырмасын орындауды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Пенитенциарлық жүйені реформалау мәселелері жөніндегі

 

ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мына құрамда құрылсын:

     Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары, төрағасы;

     Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

     Көшербаев Қырымбек Елеуұлы - Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым министрі;

     Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

     Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі;

     Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

министрі;

     Хитрин Юрий Александрович - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

(келісім бойынша);

     Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы.

     2. Комиссия:


 
       2000 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде пенитенциарлық жүйені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының пакетін әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;
      пенитенциарлық жүйені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

 

қарамағына беру барысы, бұл ретте туындаған проблемалар мен оларды шешу

жөніндегі ұсынылатын шаралар туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының

Үкіметіне хабарласын.

     3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Әділет

министрлігі белгіленсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Шарипова М.Е.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады