Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру;
2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткiзу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана" санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлесiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі