Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң кесімдеріне
ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен
күресті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң кесімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
1. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Z944000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 34, 66-құжат):
1) 6-баптың е) тармақшасы алынып тасталсын;
2) 7-бапта:
б) тармақшасы "жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу, қылмыстық іс жүргізуде пайдалану үшін олардың нәтижелерін бекіту," деген сөздермен басталсын;
д) тармақшасы "жүргізу" деген сөзден кейін үтір қойылып, "сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуде пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы н) тармақшасымен толықтырылсын:
"н) қылмыстық іс жүргізуде пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы.";
4) 10-баптың 2-тармағының екінші абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер алынып тасталсын;
5) 12-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі а) тармақшасындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті, ішкі істер органдары" деген сөздер "ішкі істер және салық полициясы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер алынып тасталсын:
төртінші бөліктегі "байланыс кәсіпорындарының телефон коммуникациялары" деген сөздер "телекоммуникациялар жүйелерінің барлық түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын сақтау туралы" Заң" деген сөздер "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық K970167_ кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2000 жылғы 12 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесімдеріне қылмыспен күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
"34-1-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру
1. Уәкілетті мемлекеттік органның қызметкері не осы органмен қызметтес өзге адам осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге залал келтіруі, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала келісім бойынша бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болдырмау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқықпен қорғалатын мүдделерге келтірілген залал аталған қылмыстармен келтірілетін залалға қарағанда оншалықты болмаса және егер олардың алдын алу, ашу немесе тергеу, сонымен қатар қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді жүзеге асыру өзге тәсілмен мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі адам өміріне немесе денсаулығына, экологиялық апатқа, қоғамдық қасіретке немесе өзге де ауыр зардаптармен қатер төндіретін әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды."
2) 193-бапта:
ескерту мынадай редакциядағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүліктерді заңдастыруға дайындық не заңдастырылғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";
3) 221-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтың декларация беруі міндетті жағдайларда табыстары туралы декларация бермеуі арқылы не декларацияға салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке өзге де міндетті төлемдерді есептеу немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарды, табыстар немесе шығыстар туралы не мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет салықты немесе міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса -
екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып, немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөлікте "бір мың" деген сөздер "үш мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту. Егер төленбеген салық немесе мемлекеттік бюджетке өзге де міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, салық немесе міндетті төлемдерді төлемеу ірі мөлшерде жасалған деп танылады.";
4) 222-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Декларация беру міндетті жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны бермеу не декларацияға салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке өзге де міндетті төлемдерді есептеу немесе төлеммен байланысты өзге де құжаттарды, кірістер немесе шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді, енгізу арқылы, не салық салынатын басқа объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салықты немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -";
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту. Егер төленбеген салық немесе мемлекеттік бюджетке өзге де міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, салық немесе міндетті төлемдер төлемеу ірі мөлшерде жасалған деп танылады.";
5) 235-баптың бірінші бөлігінде "бес" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Z970206_ кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2000 жылғы 12 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесімдеріне қылмыспен күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың бірінші бөлігі "анықтау деген сөздің алдынан "жедел-іздестіру қызметін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 64-баптың жетінші бөлігі "танысуға," деген сөзден кейін "осы Кодекспен белгіленген тәртіпте осы іске қосу үшін оларды сұратып алуға," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 66-баптың екінші бөлігі "Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын нақты деректер бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талабы бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстің 130-бабымен белгіленген тәртіпте жолдайды." деген сөйлеммен толықтырылсын;
4) 71-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:
"10) айыпталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерінде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса.";
екінші бөлікте "1-6" деген цифрдан кейін ",10" деген цифрмен толықтырылсын;
5) 130-бапта:
бірінші бөлік "осы Кодекстің 53-бабымен және 21-тарауымен, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген талаптар сақтала отырып," деген сөздер толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2, 3, 4 және 5-бөліктермен толықтырылсын:
"2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей алған нақты деректер аталған қызметкерді куә ретінде тергегеннен кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей алған нақты деректер аталған адамды куә, жәбірленуші, сезікті (айыпты) ретінде тергегеннен кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық іс жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкіндігінше бұл мән-жайлар осы Кодекспен көзделген қағидалар бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында бекітіледі.
4. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар ретінде пайдалану осы Кодекстің тиісінше 121 және 123-баптарымен көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
5. Анықтау органының бастығы қылмыстық іс жүргізуші органның талабы бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын беру туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының қағидаларына сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда жедел іздестіру қызметінің нәтижелері оның талабы бойынша берілетін қылмыстық іс жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде берілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жолданылатын заттар мен құжаттар; қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық іс жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен берген жағдайда қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, мүмкіндігі және анықтылығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлемде және нысанда табыс етілуі тиіс.";
6) 192-бапта:
бірінші бөлігінде:
"311-бабында (үшінші бөлігінде)", "сондай-ақ ұйымдасқан топ немесе жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, не әскери қызметшілердің, анықтау немесе алдын ала тергеу органдары қызметкерлерінің, прокурорлардың, судьялардың қатысуымен қылмыстық сыбайластар (қылмыстық ұйым) жасаған істер бойынша, сол сияқты қылмыстық сыбайластар (қылмыстық ұйым) жасайтын есірткі заттардың заңсыз айналымы немесе контрабанда туралы істер бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
бірінші бөлікте "255 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "255 (екінші бөлігінде, жаппай қырып-жою қаруын, сонымен бірге жаппай қырып-жою қаруын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды ұрлау не бопсалап алуға қатысты үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде:
"143" деген цифрдан кейін "145 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"246" деген цифрдан кейін "250 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"255 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "255 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"257 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін "259 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 260" деген сөздермен толықтырылсын;
"263 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "263 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"307 (бірінші бөлік), 308 (бірінші бөлік)" деген сөздер "307, 308" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"деген сөздер "308 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"310" деген цифрдан кейін "311" деген цифрмен толықтырылсын;
"340" деген цифрдан кейін "344-346, 348" деген цифрлармен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (екінші және үшінші бөліктерінде), 213, 218, 223-баптарында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша алдын-ала тергеуді сондай-ақ ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізе алады, егер олардың тергеуі тергеуге алынуына жатқызылған қылмыстарды тергеумен тікелей байланысты болса, ішкі істер органдарының тергеушілері және қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөліне алмайды." деген сөйлеммен толықтырылсын;
үшінші бөлігінде:
"209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген цифр мен сөздер алынып тасталсын;
"311" деген цифрдан кейін "(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (екінші және үшінші бөліктерінде), 177 (екінші және үшінші бөліктерінде), 180, 182 (екінші және үшінші бөліктерінде), 189, 206, 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 224, 226, 227-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе салық полициясы жүргізеді";
4-1 және 4-2-бөліктер алынып тасталсын.
7) 197-баптың бірінші бөлігінің 2)-тармағы "сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің материалдарын қылмыстық іске қосу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 198-бапта:
соңғы сөйлемнің бірінші бөлігінде "оларға" деген сөзден кейін "тергеу тобының басшысынан, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ерекше жағдайларда, тергеудің толық еместігі және объективті еместігі фактілері анықталған, прокурор нұсқаулары орындалмаған, іс күрделі әрі маңызды болған ретте алдын ала тергеуді жүзеге асырушы бірнеше орган тергеушілері қатарынан тергеу тобын құра алады, бұл ретте осы топтың жетекшісіне прокурорды тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді. Мұндай тергеу тобы жүзеге асыратын тергеудің заңдылығын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас прокурорына жүктеледі.";
9) 199-баптың бірінші бөлігінде "- тергеуші" деген сөз алынып тасталсын;
10) 203-баптың тоғызыншы бөлігі "Қаулы" деген сөзден кейін "бұдан әрі қылмыстық істі тергеуші органда сақталатын, және" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 208-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Айыпталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде және оның тұрған жері тергеу органдарына, алдын ала тергеу органына белгілі болған жағдайда республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жұрттың қолы жетер телекоммуникация жүйелерінде, ал оның тұрған жері белгілі болған жағдайда айыпталушының тұрған жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялауды қамтамасыз етеді.".
12) 209-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
"8. Айыпталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған және ол алдын ала тергеу органына келуден жалтарған жағдайда тергеуші, ал қорғаушы келген жағдайда - қорғаушы да айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және алдын ала тергеу органына келуден жалтаруына байланысты айыпталушыға айыпты жариялау мүмкін еместігін куәландырады.
Егер айыпталушының тұрған жері алдын ала тергеу органынан белгілі болса, айыпталушының ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі оған байланыс құралдары пайдаланыла отырып, соның ішінде пошта арқылы жіберіледі. Сонымен қатар, алдын ала тергеу органдары айыпталушы ретінде жауапқа тартылу туралы хабарландыруды айыпталушының тұрған жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жұрттың қолы жетер телекоммуникация жүйелерінде жариялауды ұйымдастырады.";
13) 216-баптың бірінші бөлігінде "ұсталғаннан кейін" деген сөздер "ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын және "дереу" деген сөз алынып тасталсын;
14) 237-баптың бірінші бөлігі "қылмыс туралы" деген сөздерден кейін "ауырлығы орташа қасақана қылмыстар туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
15) 273-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер айыпталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса, бірақ айыпталушының тұрған жері алдын ала тергеу органынан белгілі болса, айыпталушыға оның құқықтары түсіндіріле отырып, тергеу аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама пошта арқылы жіберіледі, тергеу іс-әрекетінің аяқталғаны және құқықтары түсіндірілгені туралы хаттамаға айыпталушыға бұл туралы хабарланғаны туралы тергеуші белгі соғады.".
16) 280-баптың екінші бөлігі "қылмыстық іске қоса" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "айыпталушы Республикадан тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайлардан басқа ретте,".
17) 284-баптың екінші бөлігі "көрсетілмейді" деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Айыпталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болса және прокуратура органдарына келуден жалтарса, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін бермей-ақ, қылмыстық істі сотқа жібереді. Егер айыпталушының тұрған жері белгілі болса, айыптау қорытындысының көшірмесі оған пошта арқылы жіберіледі. Сонымен қатар прокурор айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарландыруды айыпталушының тұрған жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жұрттың қолы жетер телекоммуникация жүйелерінде жариялауды ұйымдастырады.".
18) 285-бапта:
екінші бөлігінде:
"263 (бірінші бөлігінде)" деген цифр мен сөздер "263 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген цифр мен сөздермен ауыстырылсын;
"266" деген цифрдан кейінгі "(бірінші бөлігінде)" деген сөздер "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бірінші бөлігінде), 214 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлінбейтін болса, ішкі істер органдары жүргізе алады." деген сөйлеммен толықтырылсын;
тоғызыншы бөліктегі "ұлттық қауіпсіздігі" деген сөз алынып тасталсын;
19) 302-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"5. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуы тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім соттың уәжді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.";
20) 363-баптың үшінші бөлігі "Қысқартылған сот талқылауы он күн мерзімде аяқталуы тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім соттың уәжді қаулысымен ұзартылуы мүмкін." деген сөйлеммен толықтырылсын;
21) 471-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
"5) осы Кодекстің 315-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіпте ісі қаралған айыпталушы, егер ол қылмыстық істі жүргізуші органға келген жағдайда, сотталушының ерік білдіруі болып табылады.".
4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Z970208_ кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2000 жылғы 11 және 12 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесімдеріне қылмыспен күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2000 жылғы 28 маусымда жарияланған "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
166-баптың 2-тармағында "жұбайымен (зайыбымен)" деген сөздер "зайыбымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
5. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Z990349_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат):
1) 14-баптағы:
1) тармақтағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) барлау, қарсы барлау қызметтерінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, нәтижелерін, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық іс жүргізуде пайдаланылмаған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретіндегі нәтижелерін ашатын мәліметтер. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар аталған мәліметтерді ашатын болса;";
13) тармақшада "нақты адамдардың" деген сөздер алынып тасталып, "бөлімшелерге қатыстылығын" деген сөздер "бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-баптың бірінші бөлігінің соңғы абзацында "аяқталуы" деген
сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "негіз болады." деген сөздер алынып
тасталсын және мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
"жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс жүргізуде
пайдалану қажеттігі негіз болады.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.