Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қараша N 1711

      Сот шешімдерін орындау үшін және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің "Қаратау жеке әскерилендірілген отряды" қазыналық кәсіпорнының қызметкерлеріне жалақы өндіріп алу туралы Жамбыл облысы Талас аудандық сотының 1999 жылғы 13 қазандағы шешімін орындау үшін, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша Үкімет пен орталық атқарушы органдардың

 

міндеттемелерін өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің көзделген

резервінен, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігіне 516 345 (бес жүз он алты мың үш жүз қырық бес) теңге бөлсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаеава А.Ж.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады