Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы N 1713 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Түсті (олардың қорытпаларының) және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының рыногын реттеу, құрамында мыс бар өнімдерді өндіруші отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы  N 1037  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
      көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
 __________________________________________________________________
 "Коррозияға төзімді                      7204 21 100
 (тоттанбайтын) болаттың
 қалдықтары мен сынықтары
 __________________________________________________________________
 Қара металдардың қалдықтары              7204,
 мен сынықтары
 (қолдануда болған рельстер,              7302*-ден
 темір жол төсемдерінің элемент-
 тері, дискілер, доңғалақ
 жұптары)
 __________________________________________________________________
 Мыс қалдықтары мен сынықтары             7404 00
 __________________________________________________________________
 Өңделмеген қайталама                     7601 20 910,
 алюминий қорытпалар: құймалары,          7601 20 990,
 басқалары және олардан жасалған          7603-7616 (тек
 бұйымдар                                 қайталама құймалардан
                                          жасалғандары)
 __________________________________________________________________

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "*Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де және атауымен де айқындалады";

      2)  күші жойылды - ҚР Үкіметініің 2006.08.14.  N 765  қаулысымен.

      2. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады