Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "BAE Systems Public Limited Company" компаниясы (бұдан әрі - Компания) арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен Компаниямен жоғарыда көрсетілген Меморандумды жасасу туралы келіссөздер жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы
Ыдырысовқа, оған Меморандумның жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер
мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "BAE Systems
Public Limited Company" компаниясының арасында Өзара түсіністік туралы
меморандумды жасасу тапсырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен
"BAE Systems Public Limited Company"
компаниясының
арасындағы
Өзара түсіністік туралы меморандум
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
"BAE Systems Public Limited Company" компаниясы
Қазақстан Республикасының азаматтық аэроғарыш секторы мен қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және бағдарламаларды іске асыру қағидаттарын белгілеуге ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасының Президенті мен "BAE Systems Public Limited Company" компаниясы басшылығының арасында 2000 жылдың 5 қыркүйегінде болып өткен авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын жетілдіру және іске асыру, қазақстандық азаматтық авиацияның әлеуетін жаңартуға және жаңғыртуға арналған лизингтік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі бірлескен компанияларды құрумен бірлескен кәсіпорындарды құру. Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысын ықпалдастыру жүйесін сатып алу мақсатында
бірлескен ынтымақтастық жөніндегі келіссөздердің нәтижесінде қол
жеткізілген оң уағдаластықтарды ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар Қазақстан Республикасындағы азаматтық авиацияны реттеу
жүйесін қайта құрылымдау үшін бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін
қарауға келісті.
2-бап
Тараптар бірлескен кәсіпорындарды құру үшін мыналардан тұратын алдын
ала жасалатын құжаттарды бірлесіп, әзірлейді:
осы компаниялардың бизнесінің құрамды бөліктері;
олар жұмыс істейтін заң шығару және қаржы тәртібі;
әртүрлі тараптардың ұйымдық құрылымы, рөлі және жауапкершілігі;
операциялық шығындарды бағалау;
осы компаниялардың ықтимал жұмысына әсер ететін негізгі тәуекел
факторларын бағалау;
техникалық басқару жөніндегі талаптарға көзқарас;
ұшақтардың лизингі жөніндегі компаниялар құрылған жағдайда - негізгі
құралдар жиынтығының, оларды алу тетіктерінің болжамды қоржынының резюмесі;
қаржыландыру нұсқаларын қысқаша тұжырымдалған шолу.
3-бап
Тараптар осы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде құрылатын бірлескен кәсіпорындардың алдын ала жасалатын құжаттарын талқылайды.
4-бап
Осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап, бір айдың ішінде Тараптар қайта құрылымдауды аяқтау мақсатында Меморандумға қол қойылған күнінен бастап, алты айдан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын техникалық реттеу жүйесін қайта құрылымдау бағдарламасын іске асыру жөнінде бірлескен келіссөздер жүргізетін болады.
5-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "BAE Systems Public Limited
Company" компаниясының арасында қол жеткізілген түсіністікке сәйкес және
келісім-шарттар мен қаржыландыруға қатысты табысты келіссөздерге
байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі "BAE Systems Public Limited
Company" компаниясының мыналардан тұратын Тұтастырылған әуе қорғанысы
жүйесін сатып алу жөніндегі ұсынысын қарауға ниетті:
Қазақстанда құрылатын Аймақтық Әуе Академиясы;
басқару мен Бақылаудың Тұтастырылған жүйесі;
әуе Академиясы және Басқару мен Бақылаудың Тұтастырылған жүйесіне
арналған инфрақұрылым.
6-бап
Әзірленген қорғаныс бағдарламасы Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік мүдделеріне жауап береді және мыналарды қамтиды:
Қазақстанның оңтүстік шекарасын әуе қорғанысының алыс қашықтық
радарларымен қорғау;
Қазақстанның Каспий және Арал теңіздеріндегі экономикалық мүдделері
аумағын қамту үшін жағалаулық қадағалау радарлары;
тиісті аймақтық операциялық және ұлттық операциялық орталықтар;
басқарудың және бақылаудың тиісті жүйелері;
әуе Академиясына арналған оқытудың талаптарын зерделеу;
Президенттің ұшағына техникалық қызмет көрсету орталығы;
Қазақстандағы бір әскери-әуе базасына арналған жарық-техникалық
жабдықтары.
7-бап
Тараптар Қазақстан Республикасында аймақтық Әуе Академиясын құру
мүмкіндігі туралы ұсынысты қарайды.
8-бап
Осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде Тараптар өздерінің қорғаныс бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізу ниеттерін растайды.
9-бап
Тараптар бұдан әрі өздерінің жоғарыда аталған бағдарламалардың
шеңберінен тыс шығатын қатынастарын стратегиялық әріптестік мақсатында
дамытуға және әрбір алты ай сайын осы бағдарламалардың бұдан әрі
жылжытылуы мен азаматтық және әскери сектордағы басқа да іскерлік
мүмкіндіктерін, сондай-ақ жаңа жобалардың әзірленуі мен дамытылуын
талқылау үшін кездесулер өткізуге ниеттенуде.
10-бап
Тараптар, сондай-ақ бірлесіп ынтымақтастық жасауға және Қазақстан
Республикасы үшін неғұрлым тиімді әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды
әзірлеуге ниетті.
11-бап
Тараптар Қазақстан Республикасының аэроғарыш секторы мен қорғаныс саласындағы бағдарламаларын іске асыру мақсатында оларды қаржыландырудың және осы мақсаттар үшін инвестицияларды тартудың нұсқаларын бірлесіп әзірлейді.
Тараптар қосымша бірлескен жұмыс тобын құрады, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды қаржыландыру мәселесі бойынша қосымша Келісімдер жасасады.
12-бап
Тараптар ауызша да және жазбаша да түрде ұсынатын ақпарат құпия болып саналады және осы Меморандумды Тараптар заңнамаларының талаптарына сәйкес іске асыру мақсатында пайдаланылатын болады.
Тараптар осы Меморандумның бар екендігі, сондай-ақ іске асырылуы туралы құпия ақпаратты жария етпейді.
Бір Тарап екінші Тарапқа беретін ақпарат үшінші Тарапқа тек қана
беретін Тараптың жазбаша рұқсатымен берілуі мүмкін.
Бір Тарап беретін құпия ақпараттың жария болу ықтималдығы туындаған
немесе жария болған жағдайда, екінші Тарап берген Тарапты дереу хабардар
етеді, осы оқиғаның мән-жайы және оның салдарлары, сондай-ақ болашақта
осындай оқиғалардың алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы хабардар
етеді.
13-бап
Тараптар осы Меморандум олардың ерікті тілегі мен ниеттерін
растайтынын және осы Меморандумның 12-бабында жазылған құпиялық туралы
міндеттемелерден басқа. Тараптардың заң міндеттемелерін растамайтынын
таниды.
14-бап
Осы Меморандумға кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде
ұсынылуы және екі Тараптың уәкілетті өкілдерінің қол қойылуы тиіс.
Осы Меморандумның орындалуына байланысты туындаған кез келген даулар
Тараптардың келіссөздері арқылы шешілуі тиіс.
15-бап
Осы Меморандум мерзімі белгіленбей жасалды және Тараптар
мемлекетішілік рәсімдерді орындаған сәттен бастап күшіне енеді.
2000 жылғы ____ __________ Лондон қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын,
орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің
күші бірдей. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде әлде бір
келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді
басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының "BAE Systems Public Limited
Үкіметі үшін Company" Компаниясы үшін
Оқығандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.