"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдануға енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша N 1726. Ескерту. Жоба қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2001.07.03. N 910 қаулысымен.

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын

қолдануға енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                               Жоба

                       Қазақстан Республикасының Заңы

             "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының

                         заңын күшiне енгiзу туралы"

     1. "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының заңы 2001 жылғы

1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.


 
       2. "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқық қатынастарына қолданылады.
      2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн туындаған құқықтық қатынастар бойынша "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.
      3. Ұлттық темiр жол компаниясы құрылғанға дейiн "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9, 10, 11, 14, 17, 18, 34, 37, 38, 61, 62, 63, 71, 74 баптарымен көзделген құқықтары мен мiндеттерi бар.
      4. "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының магистральдық темiржол желiсiн пайдалану құқығын беру, магистральдық темiржол желiсiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу мәселелерi жөнiндегi ережелер күшiне оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайлар жасалуына қарай, 2002 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей енгiзiледi.
      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қолданылып жүрген заңнаманы оған сәйкестендiрсiн.
      6. Заңнаманы "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына

 

сәйкес келтiргенге дейiн "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы

заңына қайшы келмейтiн темiржол көлiгi саласында қолданылып жүрген

нормативтiк құқықтық кесiмдер қолданылады.

     7. Осы заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi

Мамандар:

     Багарова Ж.А.    

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады