"Кейбiр заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша N 1727

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Кейбiр заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                  Жоба


                        Қазақстан Республикасының Заңы


          Кейбiр заңнама кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар

                               енгiзу туралы


     1. Мына заңнама кесiмдерiне өзгертулер және толықтырулар енгiзiлсiн:


 
       1) "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат, 1998 ж., N 24, 447-құжат):
      17-1-баптың үшінші бөлімі алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2000 жылғы 12 шiлдеде N 166 "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 13 шiлдедегі N 175-176 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 шiлдедегi Заңына):
      154-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұнды сөйлеммен толықтырылсын:
      "Темiржол станциясындағы кеден органдары өз қызметiн темiржол станциясымен келiсiлген жұмыс режимi бойынша жүргiзедi.";
      195-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұнды сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ерекше сақтау жағдайларын талап ететiн (тез бүлiнетiн) тауарларға қатысты кедендiк декларация тапсырудың мерзiмi оларды Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырған күннен бастап үш күннен аспауы тиiс.";
      323-баптың:
      алтыншы бөлiгі "көлемiнiң үлкендiгi салдарынан" деген сөздерден кейiн "көлiк құралдарында және тасымалдаушының қоймаларында сақтауға мүмкiн болмаса." деген сөздермен толықтырылсын;
      оныншы бөлiгiндегi "қоймасына" сөзi "орындарда" сөзiмен ауыстырылсын;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат, 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      11-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      34-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      4) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      4-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) темiржол магистралды желiсi бойынша жол жүру құқығын беру;";
      5) 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2000 жылғы 12 шiлдеде N 166 "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 175-176 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 шiлдедегi Заңына):
      699-бапта:
      тақырыптың басындағы "жүк жөнелтушi" сөзi алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тасымалдаушы ерекше сақтауды талап ететiн (тез бүлiнетiн) жүктерді алу жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан бас тартқан жағдайда, жүк жөнелтушi осындай жүктi не істеу керектiгi жөнiнде нұсқау бермесе, жүктi сақтау мүмкiн болмағанда және жүктiң бүлiнуiне әкелiп соғатын болса, тасымалдаушының жүктi сатуға құқығы бар.
      Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиiстi соманы шегергеннен кейiн нотариустың депозитiне салынады.";
      6) 1999 жылғы 13 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргізу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2000 жылғы 12 шiлдеде N 166 "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 13 шiлдедегі N 175-176 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1994 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына):
      137-баптың 1-тармағы мына мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

 

     "Тасымалдау шартынан туындайтын талаптар оны алған күннен бастап бiр

ай iшiнде қарауы тиiс.";

     7) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10

желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы

Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат):

     26-баптың 9) тармақшасының екiншi абзацы мынадай мазмұнды сөйлеммен

толықтырылсын:

     "Заңнама кесiмдерiмен қызметкерлердiң жекелеген санаттарына еңбек

мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзудың қосымша тiзiмдерi белгiленуi мүмкін.".

     2. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады