"Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша N 1731

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



                                                               жоба



 
                          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                                  ЗАҢЫ
 
                 Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан
            Республикасының азаматтарына рақымшылық жасау туралы
 
      Осы заң Қазақстан экономикасына қосымша қаржы қаражаттарын тарту мақсатындағы, Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын кәсіпкерлiк қызмет ережелерi жетiлдірiлмеген жағдайларда экономика саласында жекелеген құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды салық салу мен жауапкершілiктен босату жолымен жариялы экономикалық айналымнан шығарылған және мәлімделмеген ақшаларын жария ету жөнінде мемлекет жүргізетін біржолғы ерекше әрекет болып табылады.
 
                                1-бап
 
      Осы Заң Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмнiң ішiнде ұлттық немесе шетел валютасы түрiндегi қолма-қол ақшаны салу, сондай-ақ шетел банктерiнiң шоттарынан ақша аудару жолымен, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы шоттарына ақша аударған Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады.
 
                                2-бап
 
      Осы Заң, Қазақстан экономикасына қосымша қаржы қаражаттарын тарту мақсатын көздей отырып, өзiнiң ережелерiмен жеке тұлғаға, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығы мен имандылыққа, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстардың нәтижесiнде алынған кiрістердiң жария етілуiне жол бермеуге бағытталған.
 
                                3-бап
 
      Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейiндегі банктерінің арнайы шоттарына енгізілген ақшалардың шығу көздерi тексеруге жатпайды.
      Арнайы шоттың болуы кез келген іс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу, соның ішiнде әкiмшiлiк және тәртiптiк ретпен қылмыстық қудалауды немесе жазалауды жүзеге асыру үшін негiз бола алмайды, сондай-ақ қандай да бір қылмыстық немесе құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәсiне дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алмайды.
      Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi арнайы шоттардың бар-жоғы, салымдардың мөлшерлерi мен арнайы шоттарға ақша салған адамдар туралы қандай болса да ақпараттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарына талап етуге, ал Қазақстан Республикасы банктерiнiң ұсынуына тыйым салынады.
      Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының екіншi деңгейдегi банктерiндегi арнайы шоттардың бар-жоғы, салымдардың мөлшерлерi мен арнайы шоттарға ақша салған адамдар туралы мемлекеттiк органдардың барлық ауызша және жазбаша сұраулары мен лауазымды адамдардың ақпараттар ұсынғандары жөнiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына хабарлауға мiндеттi.
 
                                4-бап
 
      Арнайы шотқа түскен ақшаға иелiк етудi оларды осы шотқа есепке алу жөнiндегi банктiк рәсiмдер аяқталғаннан кейiн келесi күнi салымшы жүзеге асырады.
 
                                5-бап
 
      Осы заңның 1-бабында көрсетілген адамдарға арнайы шоттарына ақша салынған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі енгізілген соманың мөлшері мен енгізілген күнін көрсететін ресми құжатты береді. Арнайы шоттарды ашу мен жүргізудің ерекшеліктерін, ресми құжатты берудің, арнайы шоттарда тұрған ақшалардың есебін жүргізудің нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
 
                                6-бап
 
      Осы Заңның 1-бабында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арнайы шоттарына енгізілген ақшалардың сомалары бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық Z952235_ заңнамасымен көзделген айыппұлдық санкциялар мен өсімпұлдар сомаларын төлеуден босатылады.
      Осы баптың күшi осы Заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының

 

Президентi белгiлеген мерзiмге дейін, айыппұлдық санкциялар және олар

бойынша өсiмпұлдарды қоса алғанда, және/немесе төлеуге жататын салықтар

мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларына қолданылмайды.


                                 7-бап


      Осы Заңның 1-бабында көрсетiлген адамдар, осы Заңның 1-бабына сәйкес

Қазақстан Республикасының Президентi белгілеген мерзімге дейiн Қазақстан

Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 


K970167_


  190, 191, 192-баптарымен,

194-бабының екiншi бөлiгiмен, 221-бабымен көзделген қылмыстарды жасағаны

үшiн қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.


                                  8-бап



 
       Осы Заңның 1-бабында көрсетілген адамдар, осы Заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген мерзімге дейін Қазақ ССР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 165, 167, 169, 169-1, 170, 170-1 баптарымен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
 

                                  9-бап



 
 
       Осы Заңның 1-бабында көрсетілген адамдар, осы Заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген мерзімге дейін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z980267_ 9-бабының 5 және 6 тармақтарымен, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z990453_ 28-бабының 1-тармағымен көзделген әрекеттері

 

үшін жауапкершілікке тартуға жатпайды.


                                  10-бап


     Осы Заңның 5, 6, 7 және 8-баптарының күші осы Заңның 1-бабына сәйкес

Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген мерзімге дейін қылмыстық

істер, әкімшілік және тәртіптік іс өндірісі қозғалған, сондай-ақ сотталған

және әкімшілік және тәртіптік жазалар салынған адамдарға қолданылмайды.


                                  11-бап


     Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


     Мамандар:

       Багарова Ж.А.

       Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады