Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң мәртебесiн, құрылу тәртiбi мен жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң
мәртебесi мен қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiн айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi болып табылады.
2-бап. Кеңестiң өкiлеттiктерi
1. Кеңес:
1) судьялардың тәуелсiздiгi мен оларға тиiспеушілік кепiлдiктерiн қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының Президентiне Парламент Сенатының сайлауына ұсыну үшiн Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Сот алқасы төрағасының лауазымына үмiткердi ұсынады.
Парламент Сенатының сайлауына ұсыну үшiн Жоғарғы Сот судьясының лауазымына үмiткердi конкурстық негiзде iрiктеудi жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;
3) облыстық және оларға теңестiрiлген соттың төрағасы мен сот алқалары төрағаларының лауазымдарына тағайындалатын үмiткерлердi Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;
4) облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьяларының лауазымдарына үмiткерлердi конкурстық негiзде ірiктеудi жүзеге асырады және оларды тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;
5) Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Сот сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, төрағасын, сот алқаларының төрағалары мен облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларымен орнынан түсу, орнынан түсудi тоқтату нысанында, өз еркiмен, медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша, өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуына байланысты атқаратын қызметтерiнен босату мәселелерiн қарайды;
сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, егер судья (соттың төрағасы) басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермеген жағдайларда, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьяларын, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағасын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерiнен босату мәселелерiн қарайды;
6) сот жүйесi мен заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстармен
Қазақстан Республикасының Президентiне жүгiнеді;
7) Республикалық тәртiптiк алқаның, Әдiлет бiлiктiлiк алқасының
шешiмдерiне шағымдарды қарайды;
8) Республикалық тәртiптiк алқа мен Әдiлет бiлiктiлiк алқасының
шешiмдерiне шағымдану мерзiмiн қалпына келтiру туралы судьялардың
өтiнiштерiн қарайды;
9) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң Регламентiн бекiтедi;
10) осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден
туындайтын өзге өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
3-бап. Кеңес Төрағасы
1. Кеңес Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
2. Кеңес Төрағасы:
1) Кеңестi басқарады және жалпы басшылықты қамтамасыз етедi;
2) Кеңестiң отырыстарында төрағалық етедi. Ол болмаған жағдайда оның мiндеттерiн уақытша атқару Кеңестiң Хатшысына жүктеледi. Хатшы болмаған жағдайда Төрағаның мiндеттерiн атқару оның тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi;
3) Кеңестiң ұсынымдарына, қорытындылары мен шешiмдерiне қол қояды;
4) Кеңестiң алдағы отырысының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi айқындайды, келiп түскен материалдарды зерделейдi, қажет болса қосымша құжаттарды талап етiп алдырады және оларды тексерудi ұйымдастырады;
5) Кеңес жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдайды, Кеңес шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
6) заңнамамен көзделген өзге де ұйымдық-басқару функцияларын орындайды.
4-бап. Кеңес Хатшысы
Кеңес Хатшысын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
1. Кеңес Хатшысы:
1) Кеңес мүшелерiнiң ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына шығарылатын мәселелердi қалыптастырады және олар туралы күнi бұрын Төрағаға баяндайды;
2) отырыстар хаттамаларынан, Кеңес қабылдаған қорытындылар мен ұсынымдардан үзiндi көшiрмелердi өз қолымен куәландырады;
3) келiп түскен материалдарды зерделейдi, олар туралы Төрағаға баяндайды, оның тапсырмасы бойынша қосымша құжаттарды талап етедi, тексерiстер ұйымдастырады;
4) Кеңестiң жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi, Кеңестiң жұмысына қажеттi жағдайлардың жасалуына бақылауды жүзеге асырады;
5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тiзiмiн белгiлейдi;
6) Төрағаның ұсынымдары мен Кеңестiң шешiмдерiн орындайды.
2. Кеңес Хатшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Төрағаның тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.
5-бап. Кеңестiң құрамы мен құрылу тәртiбi
1. Кеңес Жоғары Сот Кеңесiнiң Төрағасынан, Конституциялық Кеңес Төрағасынан, Жоғарғы Сот Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әдiлет министрiнен, Парламент Сенатының екi депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы Соттың екi судьясынан, облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың екi судьясынан, аудандық немесе оған теңестiрiлген соттың екi судьясынан) және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын басқа да тұлғалардан тұрады.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор мен Әділет министрi лауазымы бойынша Кеңес құрамына кiредi.
3. Парламент Сенаты Сенат депутаттарын Кеңес құрамына үш жыл мерзiмге жiбередi.
4. Судьялар тиiстi соттардың бiрлескен отырыстарында ұсынылған кандидаттардың арасынан Жоғарғы Соттың бiрлескен отырысында екi жыл мерзiмге Кеңес мүшелiгiне сайланады.
Кеңес құрамына сайланған судья Жоғарғы Сот судьяларының кемiнде үштен бірінің бастамасы бойынша Бiрлескен отырыстың шешiмi бойынша керi шақырылып алынуы мүмкiн.
5. Кеңес мүшелерi арасынан бiреу шығарылған жағдайда Кеңестiң жаңа мүшесi кемiнде үш ай мерзiмнен кешiктiрiлмей тағайындалуға немесе жiберiлуге тиiс.
6-бап. Кеңестiң отырыстары
1. Кеңес отырыстары қажеттiлiкке қарай, бiрақ кемiнде жылына төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде Кеңестiң отырысы заңды болып есептеледi.
2. Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы оның мүшелерi мен шақырылған адамдар алдын ала хабарландырылады.
3. Кеңес отырысын өткiзу тәртiбi, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерi Кеңес мүшелерiнiң жай көпшiлiгi қабылдаған Регламентпен айқындалады.
7-бап. Материалдарды қарау тәртiбi
1. Кеңес отырысында материалдарды қарау осы Заңның 5-бабында көрсетілген лауазымдарды иеленуге үмiткер адамдардың қатысуымен өткiзiледi.
2. Отырысты өткiзу уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген адамның қатыспауы, егер оның тiкелей қатысуы талап етiлмеген болса, негiзгi мәселенi қарау үшiн кедергi болып табылмайды.
3. Қажет жағдайларда Кеңес жабық отырыстарды өткiзуге хақылы.
8-бап. Шешiмдер қабылдау тәртiбi
1. Қаралып отырған мәселелер бойынша Кеңес ашық дауыс беру жолымен
жай көпшілік дауыспен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда
төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
2. Кеңес мүшелерi дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.
3. Қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Кеңес мүшесi өзiнiң
айрықша пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
4. Кеңес мүшесi егер ол соған қатысты шешiм қабылданатын адамның
туысқаны болса, Кеңес отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселенi қарауға
қатысуға құқылы емес.
9-бап. Жоғары Сот Кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету
Кеңес қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әкiмшілiгi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.