"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына және "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдi пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi ресiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 P991919_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл, Инк." корпорациясына (Қазақстан Республикасының аумағында Алматы қаласы, Жiбек жолы даңғылы, 64 мекен-жайы бойынша филиалы бар) "Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл, Инк." (3900 Essex Lаnе, Ноustоn, Техаs, USA) корпорациясы мен Қазақстан Республикасындағы "Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл, Инк." корпорациясының филиалы арасында 2000 жылғы 15 наурызда жасалған N 144 келiсiм-шартқа сәйкес қосымшада көрсетiлген 140 иондаушы сәулелену көзiн (СЭҚ ТН коды 284440) Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл, Инк." корпорациясына иондаушы сәулелену көздерiн әкелуге лицензия Z952200_ берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi кеден
заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда
көрсетiлген өнiмге кедендiк бақылау жасауды және оның кедендiк ресiмделуiн
қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы
жөнiндегі комитетіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 23 қарашадағы
N 1752 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасына әкелінетін иондаушы сәулелену
көздерінің тізбесі
_________________________________________________________________________
N ! Атауы ! Активтілігі ! Саны (бірліктер) !
___!_____________________________!_________________!____________________!
1. Радий-226 (Ra 226) 93 KBq 4
2. Цезий-137 (Cs 137) 74 GBq 3
3. Цезий-137 (Cs 137) 19.98 MBq 4
4. Америций 241 берилдік 14.8 GBq 4
(Am 241 Be)
5. Америций 241 берилдік 666 GBq 3
(Am 241 Be)
6. Торий-228 (Th 228) 370 KBq 2
7. Цезий-137 (Cs 137) 370 MBq 2
8. Америций 241 (Am 241) 18.5 MBq 2
9. Америций 241 берилдік 2.76 MBq 2
(Am 241 Be)
10. Америций 241 (Am 241) 18.5 MBq 2
11. Сутегі 3 (H3) 370 GBq 2
12. Цезий-137 (Cs 137) 3.7 GBq 2
13. Кобальт-60 (Co 60) Алмасып тұратын 100
14. Цезий-137 (Cs 137) 74.00 GBq 1
15 Америций 241 берилдік 185.00 GBq 1
(Am 241 Be)
16. Америций 241 берилдік 1.11 GBq 1
(Am 241 Be)
17. Америций 241 берилдік 1.11 GBq 1
(Am 241 Be)
18. Америций 241 (Am 241) 37.00 MBq 1
19. Америций 241 (Am 241) 37.00 MBq 1
20 Цезий-137 (Cs 137) 3.70 MBq 1
21. Цезий-137 (Cs 137) 1.85 MBq 1
Жиыны 140
___________________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.