Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қараша N 1772

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының

Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен

және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың өзара визасыз

сапарлары туралы келісім жасалсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі,

      Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен

         және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың

                     өзара визасыз сапарлары туралы

                              КЕЛІСІМ



 
       Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен және Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
 
      Тараптар мемлекеттері арасындағы достық, ізгі көршілік қатынастарды

 

дамытуды, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге

де байланыстарды нығайтуды мақсат тұта отырып,


     Тараптар мемлекеттері арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі

нығайту үшін қажетті шаралар қабылдауға қатысты өзара мүдделілікті 

негізге ала отырып,


     Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша азаматтардың өзара

сапарларының шарттарын барынша жеңілдету тілегін басшылыққа ала отырып,


     төмендегілер туралы келісті:


                         1-бап



 
       Тұрғылықты жеріне қарамастан Тараптар мемлекеттерінің азаматтары осы Келісімнің NN 1,2,3,4 және 5 қосымшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттардың бірі бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумақтарына визасыз келуге, кетуге, транзитпен өтуге, жүріп-тұруға және онда болуға құқылы.
 
      Тараптар осы Келісімге қол қойғаннан кейін осы Келісімнің NN 1,2,3,4 және 5 қосымшаларында санамаланған құжаттардың үлгілерін дипломатиялық арналар бойынша кідіріссіз алмасады.
 
                          2-бап
 
      Тараптар мемлекеттерінің азаматтары халықаралық қатынас үшін ашылған өткізу пункттері арқылы Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының аумағына келе алады және осы аумақтан кете алады.
      Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүріп-тұруы үшін ашылған өткізу пункттерінің тізімдерін дипломатиялық арналар бойынша алмасады.
                          3-бап
 
      Тараптар шекараны кесіп өту құқығына арналған қолданыстағы және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ресімделген құжаттары бар Тараптар мемлекеттері азаматтарын халықаралық қатынас үшін ашылған өткізу пункттерінде үшінші мемлекеттерге өткізуге міндеттенеді және Тараптар мемлекеттерінің құзіретті органдары келуіне тыйым салған адамдардың үшінші мемлекетке өтуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайтын болады.
 
                          4-бап
 
      Осы Келісімнің ережелері Тараптардың төтенше жағдайларда, атап айтқанда, олардың қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе халықтың денсаулығын сақтауға қауіп төндіретін жағдайларда өздерінің шекаралары мен аумақтарын қорғау жөнінде ерекше шаралар қолданатын құқықтарына ықпал етпейді. Мұндай жағдайда мүдделі Тарап Тараптар мемлекеттері азаматтарының келуіне, кетуіне, болуына, жүріп-тұруына және транзиттік жол жүруіне қатысты уақытша шектеу енгізуі мүмкін, аталған шектеулер қолданысқа енгізілерден 78 сағат бұрын бұл туралы қалған Тараптар дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
 
                          5-бап
 
      Тараптар осы Келісімнің ережелерін қолдану саласына қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде құжаттарды иеленушілердің жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын қолданыстағы құжаттар туралы, оларды беру мен пайдаланудың тәртібіндегі өзгерістер туралы, Тараптар мемлекеттері аумақтарында шетел азаматтарының болуының ережелері туралы, сондай-ақ тиісті заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы бір-біріне тұрақты түрде хабарлайды.

 

     Жаңа құжаттар енгізілген немесе осы Келісімнің NN 1,2,3,4 және 5

қосымшаларында аталған құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда Тараптар 

оларды қолданысқа енгізерден 30 күн бұрын дипломатиялық арналар бойынша

олардың үлгілерімен алмасатын болады.


                         6-бап


     Осы Келісімнің ережелерін немесе Тараптар мемлекеттерінің

аумақтарында болу ережелерін бұзған Тараптар мемлекеттерінің азаматтары

аумағында заңсыздық жасалған Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жауапты

болады.


                         7-бап       



 
       Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен ресімделеді.
 
                          8-бап
 
      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      Әрбір Тарап депозийтарий болып табылатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық Комитетіне шығатын күнінен 90 күн бұрын өзінің Келісімнен шығу ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы Келісімнен шыға алады.
      Осы Келісім, егер Тараптардың бірі Келісімге қатысушылардың біріне

 

немесе бірнешеуіне қатысты келісімде мазмұндалатынынан ерекшеленетін

азаматтардың сапарлары режиміне көшуді қажет деп тапса, оның осындай

құқығын шектемейді. Мұндай жағдайда қалған Тараптар қабылданған шешім

туралы хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған кезден бастап 30

күн ішінде Келісім бойынша олардың міндеттемелері қандай деңгейде

орындалатындығын шешу үшін консультациялар өткізеді.


                         9-бап 


     Осы Келісім барлық Тараптардың келісімімен кез келген мемлекеттің

қосылуы үшін ашық.


                         10-бап



 
       Осы Келісім қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама депозийтарийге түскен күннен бастап күшіне енеді.

 

     ____________________қаласында 2000 жылғы "  " _____________________

беларусь, қазақ,қырғыз, орыс және тәжік тілдерінде бір түпнұсқа данадан

жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.


     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаттары үшін орыс тіліндегі

мәтін пайдаланылады.


     Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, ол

осы Келісімге қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшірмелерін

жібереді.



     Беларусь Республикасының Үкіметі үшін


     Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін


     Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін


     Ресей Федерациясының Үкіметі үшін


     Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін



                                    Беларусь Республикасының Үкіметі,     



                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі,

                                     Қырғыз Республикасының Үкіметі,

                                    Ресей Федерациясының Үкіметі және     

                                    Тәжікстан Республикасының Үкіметі

                                      арасындағы азаматтардың өзара

                                    визасыз сапарлары туралы келісім

                                        жобасының N 1 қосымшасы           



 
 
                 БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ

 

                           ТІЗБЕСІ


     1. Беларусь Республикасы азаматының 1993 жылғы үлгідегі паспорты.

     2. Беларусь Республикасы азаматының 1996 жылғы үлгідегі паспорты.

     3. Беларусь Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы белгісі

бар, 1974 жылғы үлгідегі КСРО азаматының қолданыстағы паспорты.

     4. Шетелге жол жүру үшін белгіленген тәртіппен ресімделген КСРО-ның

шетелдік паспорты.

     5. Дипломаттық паспорт.

     6. Қызметтік паспорт.

     7. Тууы туралы куәлік (16 жасқа толмаған балалар үшін).

     8. Іссапар немесе демалыс куәлігі (нұсқамасы) болған жағдайда жеке

куәлігі, міндетті әскери қызметін өткеріп жатқан әскери қызметкердің

әскери билеті.

     9. Теңізшінің жеке басының ұлттық куәлігі (кеме журналында жазбасы

немесе одан көшірмесі болған жағдайда).

     10. Теміржол көлігі қызметкерінің жеке куәлігі (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруі кезінде).

     11. Әуе кемесі экипажы мүшесінің ұшу куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     12. Беларусь Республикасына оралуға арналған куәлік (Беларусь

Республикасына оралу үшін ғана).




                                   Беларусь Республикасының Үкіметі,      



                                   Қазақстан Республикасының Үкіметі,

                                     Қырғыз Республикасының Үкіметі,

                                    Ресей Федерациясының Үкіметі және     

                                    Тәжікстан Республикасының Үкіметі

                                      арасындағы азаматтардың өзара

                                    визасыз сапарлары туралы келісім

                                        жобасының N 2 қосымшасы           



 
 
                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ

 

                           ТІЗБЕСІ



     1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

     2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.

     3. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты.

     4. Қазақстан Республикасы азаматының куәлігі.

     5. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігі.(УК)

     6. Тууы туралы куәлік (16 жасқа толмаған балалар үшін).

     7. Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік.

     8. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшірмесі

болған жағдайда).

     9. Әуе кемесі экипажы мүшесінің ұшу куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     10. Теміржол көлігі қызметкерінің жеке куәлігі (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруі кезінде).

     11. Іссапар немесе демалыс куәлігі (нұсқамасы) болған жағдайда жеке

куәлігі, міндетті әскери қызметін өткеріп жатқан әскери қызметкердің

әскери билеті.



                                    Беларусь Республикасының Үкіметі,     



                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі,

                                     Қырғыз Республикасының Үкіметі,

                                    Ресей Федерациясының Үкіметі және     

                                    Тәжікстан Республикасының Үкіметі

                                      арасындағы азаматтардың өзара

                                    визасыз сапарлары туралы келісім

                                        жобасының N 3 қосымшасы           



 
 
                 ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ

 

                           ТІЗБЕСІ


     1. Қырғыз Республикасы азаматының паспорты.

     2. 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғыз Республикасының азаматтығы

туралы белгісі бар 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты.

     3. Қырғыз Республикасының дипломаттық паспорты.

     4. Қырғыз Республикасының қызметтік паспорты.

     5. Тууы туралы куәлік (16 жасқа толмаған балалар үшін).

     6. Қырғыз Республикасына оралуға арналған куәлік.

     7. Іссапар немесе демалыс куәлігі (нұсқамасы) болған жағдайда жеке

куәлігі, міндетті әскери қызметін өткеріп жатқан әскери қызметкердің

әскери билеті.

     8. Әуе кемесі экипажы мүшесінің ұшу куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     9. Теміржол көлігі қызметкерінің жеке куәлігі (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруі кезінде).

     10. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан

көшірмесі болған жағдайда).



                                    Беларусь Республикасының Үкіметі,     



                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі,

                                     Қырғыз Республикасының Үкіметі,

                                    Ресей Федерациясының Үкіметі және     

                                    Тәжікстан Республикасының Үкіметі

                                      арасындағы азаматтардың өзара

                                    визасыз сапарлары туралы келісім

                                        жобасының N 4 қосымшасы           



 
 
                 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ

 

                           ТІЗБЕСІ


     1. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы жапсырмасы, анықтамасы

(белгісі) немесе Ресей азаматтығына қатыстылығы туралы мәтіні немесе 1992

жылғы 6 ақпандағы жәй-күйі бойынша Ресей Федерациясының аумағында

тіркелгендігі (тұрақты тіркелгендігі) туралы мөртабаны бар КСРО азаматының

паспорты.

     2. Ресей Федерациясы азаматының паспорты.

     3. Ресей Федерациясы азаматының уақытша жеке куәлігі.

     4. Тууы туралы куәлік (14 жасқа толмаған балалар үшін).

     5. Іссапар немесе демалыс куәлігі (нұсқамасы) болған жағдайда жеке

куәлігі, міндетті әскери қызметін өткеріп жатқан әскери қызметкердің

әскери билеті.

     6. Дипломаттық паспорт.

     7. Қызметтік паспорт.

     8. Шетелдік паспорт (Ресей Федерациясының символикасы бар).

     9. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы жазбасы немесе белгісі бар

КСРО символикасы бейнеленген жалпы азаматтық шетелдік паспорт.

     10. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан

көшірмесі болған жағдайда).

     11. Әуе кемесі экипажы мүшесінің ұшу куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     12. Теміржол көлігі қызметкерінің жеке куәлігі (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруі кезінде).

     13. Ресей Федерациясына оралуға арналған куәлік.




                                    Беларусь Республикасының Үкіметі,     



                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі,

                                     Қырғыз Республикасының Үкіметі,

                                    Ресей Федерациясының Үкіметі және     

                                    Тәжікстан Республикасының Үкіметі

                                      арасындағы азаматтардың өзара

                                    визасыз сапарлары туралы келісім

                                        жобасының N 5 қосымшасы           



 
 
                 ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ
                            ТІЗБЕСІ
 
      1. Тәжікстан Республикасының дипломаттық паспорты.
      2. Тәжікстан Республикасының қызметтік паспорты.
      3. Тәжікстан Республикасының шетелдік паспорты.
      4. Тәжікстан Республикасының азаматының паспорты.
      5. Тәжікстан Республикасының аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар (2001 жылғы 31 желтоқсанға дейін) 1974 жылғы үлгідегі КСРО азаматының паспорты.
      6. Тәжікстан Республикасына оралу үшін ғана (2003 жылғы 1 сәуірге

 

дейін) 1998 жылғы 1 сәуірге дейін берілген, Тәжікстан Республикасының

азаматтығы туралы жазбасы немесе белгісі бар КСРО үлгісіндегі дипломаттық,

қызметтік және шетелдік паспорт.

     7. Тууы туралы куәлік (16 жасқа толмаған балалар үшін).

     8.  Әуе кемесі экипажы мүшесінің ұшу куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     9. Теміржол көлігі қызметкерінің жеке куәлігі (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруі кезінде).

     10. Тәжікстан Республикасына оралуға арналған куәлік.

     11. Іссапар немесе демалыс куәлігі (нұсқамасы) болған жағдайда жеке

куәлігі, міндетті әскери қызметін өткеріп жатқан әскери қызметкердің

әскери билеті.

     12. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан

көшірмесі болған жағдайда).

     Осы Келісімді жүзеге асыру қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады