Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Халықтары ассамблеясының жетінші сессиясын шақыру туралы" 2000 жылғы 14 қарашадағы N 174 N000174_ өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2000 жылғы 15 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан Халықтары ассамблеясының жетінші сессиясын өткізуді ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Халықтары ассамблеясының VII сессиясын өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 38 "Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамыту" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.
3. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері жергілікті бюджеттердің
қаражаты есебінен Қазақстан Халықтары ассамблеясының жетінші сессиясына
қатысушылардың іссапарлық шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысының орындалуын
бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Мамандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.