Павлодар облысы әкімінің борышын өтеу мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 желтоқсан N 1799

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңының 9-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес және облыстың қаржы жағдайын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Павлодар облысы әкімінің республикалық бюджет алдындағы 1 625 551 000 (бір миллиард алты жүз жиырма бес миллион бес жүз елу бір мың) теңге борышкерлік міндеттемелерін 2010 жылғы 25 желтоқсанға дейін өтеу туралы Павлодар облысы әкімінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Павлодар облысының әкімі республикалық бюджет алдындағы борышкерлік міндеттемелерін өтеу кестесін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен тиісті келісім жасассын.
      3. Павлодар облысының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы

 

Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 429 


P000429_


  қаулысы 2-тармағының

күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi   


      Мамандар:

     Орынбекова Д.К.

     Қобдалиева Н.М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады