Павлодар облысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 21 наурыз N 429

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі он күндік мерзімде заңдармен белгіленген тәртіппен Павлодар облысының әкіміне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 8-012-4-9 шешіміне сәйкес, "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамының алдындағы 14 207 497 (он төрт миллион екі жүз жеті мың төрт жүз тоқсан жеті) АҚШ долларына баламды сомадағы кредиторлық берешекті өтеуге, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге көзделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге сомасында бюджеттік несие берсін.
      2.
      Ескерту. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.04. N 1799
               қаулысымен. P001799_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір апта мерзімде Павлодар облысының әкімімен бірлесіп, Павлодар облысының әкімі "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамына төленген соманы кейін 2001-2003 жылдардың ішінде республикалық бюджетке өтеуі арқылы "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы алдындағы берешектің қалдығын өтеудің тетігін әзірлесін

 

және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына тиісті ұсыныс енгізсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады